Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi орталық аппаратының штат санын көбейту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 16 қыркүейк 1993 ж. N 895

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Телекоммуникациялар кәсiпорындарының жұмысын үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi орталық аппаратының штат саны 10 адамға көбейтiлсiн.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi