Темiржол көлiгiмен жүк және жолаушы тасымалдауға арналған тарифтер туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 қыркүйектегі N 861 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Темiр жол көлiгi мен өзен флотына кадрлар даярлайтын арнаулы орта оқу орындарын басқаруды жетiлдiре түсу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Көлiк министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Солтүстiк Қазақстан және Семей облыстарының әкiмдерiмен келiсiлген Петропавл темiр жол көлiгi техникумы иен Семей өзен флоты техникумын Бiлiм министрлiгiнiң қарамағынан алып Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң тiкелей бағыныстылығына беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен Петропавл темiр жол көлiгi техникумы мен Семей өзен флоты техникумын Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң қарамағына беретiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi республиканың Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып Семей өзен флоты техникумына 1993 жылдың төртiншi тоқсанына бөлiнген қаржыны Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiне беретiн болсын.

        Қазақстан Республикасының
            Премьер-министрi