Күмiс және платина тобындағы материалдар қазу мен өндiру жөнiндегi мәлiметтер туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 2 қыркүйек 1993 ж. N 769

      Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен ұйымдарында алтын қазу мен өндiру мәлiметтерден құпиялылық белгiсi алып тасталғаны, сондай-ақ алтын, күмiс және платина тобындағы металдар, әдетте, алтыны бар рудаларды игеру кезiнде леспе компонент болып табылатыны

ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы 
етедi:
     Меншiк нысандары мен ведомстволық бағынысына қарамастан,
Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен ұйымдарында күмiс
және платина тобындағы металдар қазу мен өндiру жөнiндегi
мәлiметтерден құпиялылық белгiсi алып тасталсын.
            Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi