Шығыс Қазақстан облысындағы жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен экологиялық апат аймақтары мен аудандарда руда базалары мен құрылыс объектiлерiн дамыту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 31 тамыз 1993 ж. N 762. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақстанда атом энергетикасының дамуы" және "Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық ақпаратының мемлекеттiк жүйесiн дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және технологиялар министрлiгi:
      басты ұйымдармен бiрлесiп, бағдарламалардың негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерiне сәйкес, олардың кеңейтiлген нұсқаларын бiр айлық мерзiмде қалыптастырсын және бекiтсiн.
      1993 жылдан бастап республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттiк бюджеттiң ғылымды қаржыландыру үшiн көзделген қаражаты есебiнен мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулыда белгiленген бекiту мен қаржыландырудың аталған тәртiбi жаңадан жасалатын республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларға қолданылсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi