Әскери қызметшiлерге азық-түлiк нормасын ұлғайту және басқа үлес түрлерiн беру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 шiлдедегі N 617 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 580 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiмет делегациясы мен ТЮФ Рейнланд Холдинг АГ (Германия) басшылығының Кельн қаласындағы екi жақты кездесуiнiң Қорытынды хаттамасының ережелерiн жүзеге асыру мақсатымен:
      1. Қазақстанда ТЮФ Рейнланд Холдинг АГ өкiлдiгiн ашу және одан кейiн "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" еншiлес кәсiпорнын құру жөнiндегi екi жақтың ұсыныстары қолдау тапсын.
      2. Қорытынды хаттаманың жүзеге асырылуына Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, ал Хаттаманың бөлiмдерi бойынша:
      - айналадағы ортаны қорғау бөлiмi бойынша - Экология және биоресурстар министрлiгi;
      - сапа жүйелерiн құру бөлiмi бойынша - Қазбасстандарт жауапты болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы мен Алматы қаласының әкiмi бiр айлық мерзiмде Алматы қаласынан "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" өкiлдiгiне кеңсеге арналған көлемi 40 шаршы м 2 бөлмелi үй және "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" басшысының отбасы тұратын көлемi 70 шаршы м үш бөлмелi пәтер бөлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" өкiлдiгi ашылғаннан кейiн оның телефон, телекс және телефакс байланыс арналары туралы өтiнiмiнiң орындалуын қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1992 жылғы 31 шiлдедегi N 188 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

      Премьер-министр