Фабрикалық қант қызылшасын өндiрудi ұлғайтуға және оны мемлекет мұқтажының есебiне барынша мол тартуға колхоздардың, совхоздардың, басқа шаруашылықтар мен көлiк ұйымдарының материалдық ынталылығын арттыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 маусым 1993 ж. N 560. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Жүн нарығында қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, мал шаруашылығымен айналысатын халықты әлеуметтiк қолдау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифы туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., N 9, 104-бап) 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 Жарлығының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1993 жылғы 1 шiлдеден бастап жүн экспортына (код ТН ВЭД 5101-5105) кедендiк баж салығының ставкасы кедендiк құнның 10 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi