Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 25 маусым 1993 ж. N 539. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.03. N 931 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялайтын Мемлекеттiк органдардың халықаралық қауымдастығы жұмысына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны бiр адамға ұлғайтылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның штатына бас ғалым хатшының орынбасары лауазымы енгiзiлiп, оған министрлiктiң, ведомствоның дербес басқармасы, бөлiмi бастығының деңгейiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның бас ғалым хатшысының лауазымдық жалақысы айына 62 мың сом мөлшерiнде белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi