Жеткізiлiм және тиеу кезiнде тауарлар мен өнімдердің сақталмауы мен жетiспеушілігіне байланысты дауларды шешу кезiнде заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы

Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 желтоқсандағы N 4 Қаулысы (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 2 том, 72 бет). Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн" компаниясы арасындағы келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн" компаниясының "Алматы Темекi Компаниясы" акционерлiк қоғамының жарғы капиталын алуына қатысты барлық шарттары мен келiсiмдерiнен туындайтын және соған қатысты талаптары мен берешектерiн қоса, "Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн" компаниясының өзiнiң барлық құқығын, мiндеттерi мен мiндеттемелерiн "Филип Моррис Холланд А. Б." компаниясына бергенiне келiсiм бiлдiрiлсiн. Осы орайда, "Филип Моррис Интернэшнл Корпорейшн" компаниясының "Алматы Темекi Компаниясы" акционерлiк қоғамының акцияларын "Филип Моррис Холланд А. Б." компаниясына бұлайша бергенi бағалы қағаздарды сатып алу мен сату ретiнде қаралмайтын болып танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Алматы темекi комбинатын жеке жоба бойынша жекешелендiру туралы" 1993 жылғы 27 қыркүйектегi N 951 қаулысында "Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн" компаниясына қатысты көзделген барлық құқықтар мен кепiлдiктер "Филип Моррис Холланд А. Б." компаниясына өтетiн болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары - Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына аталған берiмге келiсiм беру туралы құжатқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қою тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi