1. Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi (ҚазМААСХА) төрағасының лауазымы медициналық, тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету мен көлiк қызметiн көрсету жағынан республика министрiнiң лауазымына теңестiрiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiне қызмет бабындағы бiр жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Шаруашылық басқармасы (Ни В. В.) Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi төрағасы автомобиль қызметiмен қамтамасыз ететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi