1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi мен Бiлiм министрлiгiнiң Республикалық көркем сурет колледжi мен Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттiк театр-көркем сурет институтының көркем сурет факультеттерiнiң негiзiнде Қазақ мемлекеттiк көркем сурет академиясын ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi аталған жоғары оқу орнын қаржыландыруды ведомствоға қарасты жоғары және арнаулы орта оқу орындарын ұстауға бөлiнген қаражат шегiнде жүзеге асырсын.
Бiлiм министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша 1993 жылы Республикалық көркем сурет колледжiн ұстауға көзделген қаражатты Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне аударсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Көркем сурет академиясының құрылымын, мамандықтар тiзбесi мен штат санын айқындасын, оның материалдық-техникалық жабдықталуы мен кадрлар әлеуетiн күшейтуге көмек көрсетсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi, Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi үш ай мерзiм iшiнде Қазақ мемлекеттiк көркем сурет академиясының материалдық-техникалық базасын дамыту жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне нақтылы ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi