Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдағаны және басқа да қызмет көрсеткенi үшiн уақтылы ақы төлемеген жағдайда кәсiпорындар мен ұйымдардың жауапкершiлiгi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 сәуiрдегі N 306 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң 1993 жылғы 6 мамырдан бастап iшкi республикалық қатынаста темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдаудың қолданылып жүрген тарифтерi деңгейiне 2,0 шектi коэффициент /қосылған құнға салынатын салықсыз/ тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi