Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақ-үндi үкiметаралық бiрлескен комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 14 сәуiр N 304. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 18.01.1995 ж. N 62 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiтап палатасын Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасы деп атау туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасына:
      кiтапты халықаралық стандартпен нөмiрлеу жөнiндегi;
      сериялы басылым жөнiндегi функциялар жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi:
      3 ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасының жарғысын бекiтетiн болсын;
      1993 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасының материалдық-техникалық базасын нығайту және Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасының кiтап қоймалары мен әкiмшiлiк корпусының жаңа үйлерiн салу жөнiндегi шаралар туралы келiсiлген ұсыныстарын әзiрлейтiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi