Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 сәуiрдегі N 294 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Мемлекетаралық қатынаста темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдауда ТМД елдерiнiң бiртұтас тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1993 жылдың 12-сәуiрiнен бастап мемлекетаралық қатынаста темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдаудың тарифтерiн көтерудiң шектi коэффициентi қолданылып жүрген тарифтерге 2,2 мөлшерде (қосылған құнға салынатын салықсыз) белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi