Қазақстан Республикасының Байланыс саласын басқару құрылымын жетiлдiру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуірдегі N 259 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1170 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      Бүкiлдүниежүзiлiк Метеорология Ұйымы Конвенциясының 33 бабына сәйкес қосылу туралы құжаттарды белгiленген тәртiппен Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне сақтауға тапсырсын;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармамен бiрге Бүкiлдүниежүзiлiк Метеорология Ұйымының Бас хатшысына ресiмдiк және ұйымдық-техникалық мәселелердiң шешiлуi туралы хабарласын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма Қазақстан Республикасының мүдделерiн көздей отырып Бүкiлдүниежүзiлiк Метеорология Ұйымының қызметiне белсене қатысып, оның алдындағы өз мiндеттерiн

 

орындауды қамтамасыз ететiн болсын.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi

Бүкiлдүниежүзiлiк Метеорология Ұйымының бюджетiне Республиканың

жылдық жарналарын белгiленген тәртiппен енгiзiп отыруды қамтамасыз

ететiн болсын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi