Қазақстан Республикасы Президентiнiң Францияға ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 наурыз 1993 ж. N 202

      Қазақстан Республикасының Француз Республикасымен одан әрi ынтымақтасуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1992 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентiнiң Францияға ресми сапары барысында қол қойылған, "Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы достық, өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы шартты", Күрделi қаржыны көтермелеу және өзара қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмдi" жүзеге асыру жөнiндегi шаралардың жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Министрлiктер мен ведомстволар, облыс, Алматы және Ленинск

қалаларының әкiмдерi шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды
орындаудың нақты шараларын қолдансын.
     3. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық
қазақ-француз жұмыс тобының қазақ бөлiгi (Ежиков-Бабаханов Е.Г.)
министрлiктер мен ведомстволардың қазақ-француз келiсiмдерiн 
жүзеге асыру жөнiндегi қызметi үйлестiрiлуiн қамтамасыз етсiн.
     Шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Министрлер Кабинетi
хабардар етiлiп тұратын болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң 
                                      1993 жылғы 17 наурыздағы
                                          N 202 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
     
            1992 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы
           Президентiнiң Францияға ресми сапары барысында
              қол қойылған "Қазақстан Республикасы мен
            Француз Республикасы арасындағы достық, өзара
             түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы шартты",
            "Күрделi қаржыны көтермелеу және өзара қорғау 
             туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен  
              Француз Республикасының Үкiметi арасындағы
             келiсiмдi" жүзеге асыру жөнiндегi шаралардың
                              Жоспары
                              (Кесте)