Үкiметаралық Қазақ-Израиль Бiрлескен экономикалық комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 7 қаңтар 1993 ж. N 17. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 594 қаулысымен. ~P020594

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң

Үкiметi арасында үкiметаралық Бiрлескен экономикалық комиссия құру 
туралы қаулыға сәйкес және Қазақстан Республикасы мен Израиль
Мемлекетi арасындағы қол жеткен уағдаластықтар мен экономикалық
ынтымақтастықты одан әрi дамыту жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру
мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы 
етедi:
     1. Үкiметаралық қазақ-израиль Бiрлескен экономикалық 
комиссиясының қазақ бөлiмi мына құрамда бекiтiлсiн:
     Храпунов В.В.           - Қазақстан Республикасының Энергетика
                               және көмiр өнеркәсiбi министрi
                               (комиссияның тең төрағасы) 
<*>

     комиссия мүшелерi:
     Әбiлсейiтов             - Ғылым және жаңа технологиялар
     Ғалым Әбiлсейiтұлы        министрi
     Алпысбеков              - Көлiк министрiнiң орынбасары
     Қуаныш Махмұтұлы
     Бiтiмбаев               - Өнеркәсiп министрiнiң орынбасары
     Марат Жақыпұлы            
     Гончаров                - "Казмелиорация" концернi 
     Виктор Александрович      басқармасының төрағасы
     Iлиясов                 - Байланыс министрiнiң орынбасары
     Қанай Ахметжанұлы
     Клугман                 - "Шымкенткұрылыс" компаниясының
     Феликс Михайлович         басқарушысы
     Сүлейменов              - Президент пен Министрлер Кабинетi
     Төлеген Идиатұлы          Аппаратының Сыртқы байланыс 
                               бөлiмiнiң аға референтi
     Төлебеков               - Ауыл шаруашылық министрiнiң бiрiншi
     Қасым Қажыбайұлы          орынбасары
     Федосеев                - Жоғары экономикалық байланыс 
     Виктор Николаевич         министрлiгi басқармасы бастығының
                               орынбасары (комиссия хатшысы)
     Ескерту. Комиссия құрамына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
              1995.07.17. N 986 қаулысымен.  

P950986_

  
     2. Үкiметаралық комиссияның Қазақ бөлiмiне қажет болған 
жағдайда тұрақты комиссияға құрылтайшы болуға, олардың құрамын,
қызметi мен жұмысының негiзгi бағыттарын анықтау хұқы берiлсiн.
     3. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың, Алматы және
Ленинск қалаларының әкiмдерi комиссияның қызметiне барынша көмек
көрсетсiн.
            Қазақстан Республикасының 
                Премьер-министрi