Оқушы жастарды әлеуметтiк қорғау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 5 қаңтар N 9. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.06.04. N 920 қаулысымен

      Жоғары арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының студенттерi мен оқушыларын әлеуметтiк қорғауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап стипендиялардың мөлшерi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Стипендиямен қамтамасыз етудiң аталған тәртiбi шет ел азаматтары арасынан бұрынғы ССРО Бiлiм комитетi тарапынан оқуға қабылданған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен оқуға келген ұлты қазақ аспиранттарға, жоғары, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының студенттерi мен оқушыларына қолданылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне және өз қарамағында оқу орындары бар басқа да министрлiктер мен ведомстволарға республикадан тыс жерлерде оқып жүрген аспиранттарға, студенттер мен оқушыларға жылына бiр рет, бөлiнген қаржы шегiнде, бiр айлық стипендия мөлшерiнде материалдық көмек көрсету хұқығы берiлсiн.
      4. Оқу орындары орналасқан жерлерден кетумен байланысты практикалардың барлық түрiн өткiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының жоғары, арнаулы орта оқу орындарының күндiзгi бөлiмшелерiнде оқитын студенттерi мен оқушыларына кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң iссапарына байланысты қосымша шығындарына өтем жасау үшiн қолданып жүрген заңдарда белгiленген тәулiктiк нормасының 40 процентi мөлшерiнде әрбiр күн үшiн, оның iшiнде практика өтетiн жерге барып-қайту жолында болған кезiне, тәулiктiк төленедi деп белгiленсiн. Практика өткiзiлетiн жерге барып, қайтуға жұмсалған жолақысы толық мөлшерде төленедi.
      Ескерту. 4-тармағына өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
               30.05.1994 ж. N 573 қаулысымен. P940573_
      5. Жоғары, арнаулы орта оқу орындарының студенттерi мен оқушылары, дайындық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары және аспиранттар үшiн жатақханада тұрудың шектi ақысы тиiстi оқу орындарының сабақ үлгеретiн студенттерi мен оқушыларына белгiленген стипендия мөлшерiнiң 3 процентiнен аспайтын болып тағайындалсын.
      6. 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушыларына олардың өндiрiстiк оқу және өндiрiстiк практика кезiнде тапқан табыстары 100 процент төленсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсуiмен оқу орындарының әрбiр түрi бойынша стипендия тағайындау және төлеу тәртiбi туралы нұсқауды әзiрлеп, бекiтсiн.
      8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бөлшек сауда бағасының реформасына байланысты оқушы жастарды материалдық қамтамасыз ету және мектептiк пен балалар киiмдерiнiң бөлшек сауда бағасының өсуiне байланысты халықтың шығынын өтеу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1991 жылғы 5 тамыздағы N 465 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 18, 125-бап);
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Оқушы жастарды стипендиямен қамсыздандыру туралы" 1992 жылғы 25 ақпандағы N 157 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 8, 144-бап);
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" 1992 жылғы 3 желтоқсандағы N 1021 қаулысы 1-тармағының екiншi абзацы күшiн жойған деп танылсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1993 жылғы 5 қаңтардағы
                                             N 9 қаулысына
                                                Қосымша
                                                (Кесте)