Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi үшiн белгiленген зейнетақы мөлшерiн арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 27 қазан N 901. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1620 қаулысымен.

      Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында Қазақстан өнеркәсiбiн басқарудың ұйымдық құрылымын әзiрлеу мақсатында:
      1. Өнеркәсiп министрлiгi жанынан республиканың өнеркәсiп салаларын басқарудың жаңа жүйесiн әзiрлеу жөнiндегi орталық құрылсын.
      2. Республика өнеркәсiп кешенiнiң құрамына кiретiн экономиканың мемлекеттiк секторының /корпорация, концерн, бiрлестiк, қауымдастық/ ұйымдық-шаруашылық басқару құрылымының басшылары:
      республиканың өнеркәсiп салаларын басқарудың жаңа жүйесiн

әзiрлеу жөнiндегi орталықпен iскерлiк ынтымақтастық орнатсын және оның 
тiкелей қатысуымен холдинг жағдайындағы ұйымдық құрылым жасауды 
ұйымдастырсын;
     саланы қауымдастық холдинг компаниялары арқылы басқару жүйесiне 
көшу жөнiнде әзiрленген нормативтiк құжаттарды 1992 жылғы 30 қазанға 
дейiн Өнеркәсiп министрлiгiне табыс етсiн.
     3. Өнеркәсiп министрлiгi /Власов, Нұрмұхамедов Ж.Ж./
1992 жылғы 5 қарашада дайындалған материалдарды Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетiнiң Президиумында қарау үшiн 
Үкiметке енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары