1941-1945 жылдары әрекет еткен арнайы жасақтар қызметкерлерiне жеңiлдiктер туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 26 қазан N 897. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.19. N 999 қаулысымен.


      Арнайы жасақтар қызметкерлерi ерлiк, қаhармандық және табандылық көрсете отырып, Ұлы Отан соғысында жеңiске жетуге лайықты үлес қосты:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар үшiн заңмен белгiленген жеңiлдiктер, 1941-1945 жылдар кезеңiнде Қызыл Армия қатарындағы адамдардың жағдайына көшiрiлген және iс-әрекет етушi майданның тылмен шекаралас шегiндегi немесе iс-әрекет етушi флоттардың оперативтiк аймақтарындағы әскер мен флоттың мүдделi мiндеттерiн атқарған Жол қатынастарының халық комиссариаты, кәсiпшiлiк және көлiктiк кемелердегi жүзгiштер құрамы мен КСРО Балық

өнеркәсiбi халық комиссариаты авиациясының ұшу-көтеру құрамы, теңiз және
өзен флоты, Бассолтүстiктеңiзжол авиациясының ұшу-көтеру құрамы арнайы
жасақтарының қызметкерлерiне қолданылсын.
     2. Жеңiлдiктерге хұқық туралы куәлiк пен талондардың жол жүру
парақшаларын беру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне
жүктелсiн.


      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi