Ақын, жыршы, термешiлердiң Республикалық Одағына аударым жасау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 16 қазан 1992 ж. N 869. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.03. N 810 қаулысымен

      Әуесқой ақын, жыршы, термешiлердi әлеуметтiк қорғау және ақын, жыршы, термешiлердiң Республикалық Одағының, материалдық базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Ақындар айтысын, жыршы мен термешiлердiң концертiн өткiзетiн кәсiпорындар, қоғамдар мен мекемелер айтыс пен концерт үшiн өздерiне түскен сомадан немесе шарт бойынша алынған сомадан ақын, жыршы, термешiлердiң Республикалық Одағына 2 процент мөлшерiнде аударым жасайтын болып белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi