"Қазақ Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 17 сәуiрдегi N 720 Жарлығын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 6 қазан 1992 ж. N 831

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      "Қазақ Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 17 сәуiрдегi N 720 Жарлығына байланысты Қазақ Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының комитеттерiне, ұйымдарына, оқу, медициналық-әлеуметтiк мекемелерi мен кәсiпорындарына салынатын салық жеңiлдiгiн жергiлiктi салықтар мен алымдар (автотранспортты аялдауға қойғаны үшiн алынатын алым, жергiлiктi аукциондар мен лотереяларды өткiзу хұқығы үшiн алынатын лицензиялық алым, жергiлiктi рәмiздi пайдалану хұқығы үшiн алынатын алым, жарнамаға салынатын салық, автотранспорт құралдарын, есептеу техникасын және жеке компьютерлердi қайта сатуға салынатын салық және басқа жергiлiктi салықтар мен алымдар) бойынша шешiмдер қабылдауды енгiзу халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерiне ұсынылсын.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi