Баспабас (тауар айырбасы) операцияларын жүзеге асырудың тәртiбi, оған салық салудың шарттары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 15 қыркүйек 1992 ж. N 763. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен

      1. Астық және оның ұқсатылған өнiмдерiн лицензиялар бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге жөнелту олардың сапасы жайында "Қазастықөнiмi" концернiнiң Мемлекеттiк астық инспекциясы берген сертификаттары болғанда ғана жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi астық және оның ұқсатылған өнiмдерiн аталған сертификаттарсыз тасымалдауға қабылдамайтын болсын.

       Премьер-министр