"Қазақстан - Самсунг" бiрлескен кәсiпорны туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 21 шiлде 1992 ж. N 614

      Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрi дамыту, Қазақстан экономикасына оңтүстiк-корей капиталын, озық технологиялар мен осы заманғы жабдықтарын қатыстыру, Қазақстанның кәсiпорындары мен Корей Республикасының фирмалары арасында төте байланыс орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қарағанды металлургия комбинаты, Өскемен қорғаныс-мырыш комбинаты, "Жезқазғантүстiмет" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi, Қазақстанның мәдени, әлеуметтiк және ғылыми-техникалық даму қоры мен "Самсунг" компаниясы (Корей Республикасы) құрылтайшылары болып табылатын "Қазақстан-Самсунг" көпсалалы бiрлескен кәсiпорнының құрылуы мақұлдансын.
      2. Бiрлескен кәсiпорнының негiзгi мақсаты күрделi тұрмыстық техника, электроника, халық тұтынатын басқа да тауарлар шығару жөнiндегi бiрлескен өндiрiстердi құру, Қазақстанның кәсiпорындарын жаңғыртуда көмек көрсету, өзара тиiмдi экспорт-импорт операцияларын жүргiзу, кадр даярлауға жәрдемдесу және т. б. жолымен Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасында сауданы және экономикалық ынтымақтастықтың әралуан түрлерiн дамытуға атсалысу болып табылатыны еске алынсын.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, мемлекеттiк концерндерi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi бiрлескен кәсiпорынның практикалық қызметiнде жәрдемдесiп отыратын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Материалдық ресурстар министрлiгi экспорт пен импортқа арналған мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру және экспорт пен импорт квоталарын анықтау кезiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң келiсуi бойынша мақсатты экспорт ресурстары бөлiнуiн, сондай-ақ бiрлескен

кәсiпорнының қатысуымен орындалатын неғұрлым әлеуметтiк маңызды
жобаларды жүзеге асыру үшiн тауарлар мен жабдықтар сатып алынуын 
көздейтiн болсын.
     5. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi бiрлескен
кәсiпорнының өтiнiмi бойынша телекс, телефакс, басқа да байланыс
құралдары орнатылуын қамтамасыз етсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi