Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық инспекциясы қызметкерлерiнiң жалақы кестесi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 16 шiлде 1992 ж. N 605. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Республикада денсаулық сақтау саласы мен халықты осы заманғы аспаптармен, құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ететiн медициналық аспаптар өнеркәсiбiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Денсаулық сақтау министрлiгi мен Өнеркәсiп министрлiгi әзiрлеген медициналық аспаптар, жабдықтар және құралдар өндiрiсiн дамыту жөнiндегi республикалық кешендi бағдарламалар мақұлдансын. 
      "Медқұрал" ассоциациясының (Қазан қаласы), "Меджабдық" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң (Мәскеу қаласы) және Медицина жабдықтары мен құралдарын жасау ғылыми-зерттеу институтының медициналық аспаптар, жабдықтар мен құралдар өндiру жөнiндегi бағдарламалардың бас атқарушылары болуға келiскенi және олардың технологиялық жабдықтар, материалдық-техникалық ресурстар берiлiмi және медициналық ғылыми-техникалық орталықтар ұйымдастыру жөнiнен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсiп, кәсiпорындарға көмек көрсету шараларын қолданатыны ескерiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Өнеркәсiп министрлiгi республиканың емдеу-профилактика мекемелерi мен халқының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi анықтаған сұранысының негiзiнде республиканың кәсiпорындарында, бiрлестiктерiнде, ұйымдары мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнде медицина техникасын өндiрудi үйлестiретiн болсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1993 жылда және одан кейiнгi жылдарға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастырған кезде қосымшаға сәйкес көлемде және номенклатурада медициналық аспаптар, жабдықтар мен құралдар өндiрудi ескерсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi медициналық аспаптар, жабдықтар мен құралдар өндiру жөнiндегi республикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жыл сайын нысаналы қаржы бөлiнуiн көздесiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi медициналық аспаптар, жабдықтар мен құралдар шығаратын заводтар мен басқа кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген өнiмдер номенклатурасы бойынша материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, жыл сайын нысаналы түрде импорттық материалдар, құраушы бұйымдар мен технологиялық жабдықтар сатып алуды көздесiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, Автомобиль, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және сервистiк қызмет көрсету Қазақ мемлекеттiк корпорациясы, Қорғаныс кешенiнiң электротехникалық және машина жасау кәсiпорындары Қазақ мемлекеттiк корпорациясы, Қорғаныс кешенiнiң электротехникалық және машина жасау кәсiпорындары Қазақ мемлекеттiк корпорациясы, Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындары Қазақ мемлекеттiк корпорациясы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, алдағы уақытта өздерiнiң қарамағындағы кәсiпорындарда шығару үшiн медициналық аспаптар, жабдықтар мен құралдардың номенклатурасын қайта қарасын. 
      8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан өнеркәсiп орындары, ассоциациялар, шағын және бiрлескен кәсiпорындар, кооперативтер мен басқа да ұйымдар шығаратын медициналық аспаптарды, жабдықтар мен құралдарды техникалық сынақтан өткiзудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлесiн. 
      Оралдағы "Омега" құралдар жасау заводының, "Ақтөберентген" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң өздерiнiң базасында медицина техникасының жаңа бұйымдарын әзiрлеу мен сынау жөнiндегi ғылыми-өндiрiстiк орталықтар құру жөнiндегi ұсыныстары қабылдансын. 
      9. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Мемлекеттiк бас салық инспекциясымен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгiзу үшiн медицина техникасын өндiрумен шұғылданатын кәсiпорындарды, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қосылған құнға салынатын салықтан босату және жеңiлдiк беретiн  салық белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1992 жылғы 3 шiлдедегi     
N 577 қаулысына        
Қосымша             

             Медицина аспаптарын, жабдықтары мен приборларын
            шығаратын кәсiпорындар үшiн 1993 жылға арналған  
                               Тапсырма
                               (Кесте)