Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әскери қызметшiлердiң және әскери қызметтен босатылған адамдардың әлеуметтiк жағынан қорғалуын күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 828 Жарлығын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 2 шiлде 1992 ж. N 568.
     Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен. ~P020331

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әскери қызметшiлердiң және әскери қызметтен босатылған адамдардың әлеуметтiк жағынан қорғалуын күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 828 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1992 жылғы I маусымнан бастап әскери қызметшiлердiң қолданылып жүрген лауазымдық жалақыларының мөлшерi (ондаған сомға дейiн ыңғайлап) 80 процент арттырылсын.
      2. 1992 жылғы I маусымнан бастап әскери қызметшiлердiң әскери атақтары (мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiнен басқа) бойынша жалақылары қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      3. 1992 жылғы тамыздан бастап бұрын офицер құрамдағы адамдарға, мерзiмнен тыс қызметтiң прапорщиктерiне, мичмандарына, әскери қызметшiлерiне және олардың отбасыларына тағайындалған зейнетақы мөлшерi осы қаулының 1 және 2 тармақтарына сәйкес белгiленген ақшалай үлестiң орташа деңгейiне қарай өсiрiлсiн.
      4. Осы қаулының күшi Қазақстан Республикасы Қарулы

Күштерiнiң, шекара және iшкi әскерлерiнiң, Республикалық ұланның,
Қазақстан Республикасы Мемлекет хауiпсiздiгi комитетi мен басқа 
да арнаулы әскери бөлiмшелердiң әскери қызметшiлерiне, адамдардың 
аталған санаттарының зейнеткерлерiне және олардың отбасыларының
мүшелерiне қолданылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                               Қазақстан Республикасы Министрлер 
                               Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi
                                      N 568 қаулысына
                                        Қосымша
     
            Мерзiмнен тыс қызметтiң әскери қызметшiлерiнiң,
          прапорщиктердiң, мичмандардың және офицер құрамдағы
                 адамдардың әскери атақтары бойынша
                        жалақылары
                          (Кесте)