Есiк қорғанынан табылған алтын әшекейлер кешенiн алтын және асыл металдар музейiне беру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1992 жылғы 20 қаңтардағы N 38

      Алматы қаласында алтын және асыл металдар музейiнiң ұйымдастырылуына байланысты және Қазақстанның көркемдiк мұрасын насихаттауды одан әрi жақсартып, қалың көпшiлiкке оның ашық болуын қамтамасыз ету, аса құнды өнер туындыларын сақтауға тиiстi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1970 жылы Алматы қаласына таяу Есiк қорғанын қазу кезiнде табылған бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi IV ғасырдың алтын әшекейлерi "Алтын киiмдi адам" белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының археология музейiнiң қорынан алтын және асыл металдар музейiне берiлсiн.
      2. Шет елдерде көрме ұйымдастыру кезiндегi немесе басқа түрдегi коммерциялық операциялар есебiнен алынған валюталық қаржы Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен бөлiсiледi, ал алтын және асыл металдар музейi мен Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының арасындағы валюта қорларын қайта бөлiсу мәселелерiндегi өзара қарым-қатынасы уағдаластық негiзде құралады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Археология институтына ертедегi алтын коллекцияларды зерделеуге ғылыми-методикалық басшылық жасау, сондай-ақ тарихи және көркем алтын бұйымдар туралы ғылыми монографиялар, альбомдар, буклеттер әзiрлеу мен шығарылу жүктелсiн.
      4. Республикадағы және одан тысқары жерлердегi ертеде алтын көрмелерiне Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Археология институты мамандарының мiндеттi түрде қатысуы көзделетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстанның территориясында табылған және Мемлекеттiк Эрмитаж бен елiмiздiң басқа да музейлерiнiң қорында жатқан зергерлiк әшекейлердi республикаға қайтарып алып, алтын және асыл металдар музейiне өткiзу жөнiнде

шаралар қолдану тапсырылсын.
     6. Қазақстан Республикасы Мәдениет жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi алтын және асыл металдар музейiне берiлетiн көркем
бұйымдардың тиiсiнше есепке алынуын және олардың толық 
құжаттамалық әрi заттай сақталуына жағдай жасалуын қамтамасыз
етсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi