Азаматтық iстер бойынша экспертиза туралы

Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Сотының 1989 жылғы 22 желтоқсан N 14 нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 9 Нормативтік қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Азаматтық iстер бойынша экспертиза тағайындау және жүргiзу практикасын талқылай келiп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы экспертизаның заңды әрi дәлелдi шешiмдер қабылдауға жәрдемдесетiнiн атап көрсетедi.
      Iстердi зерттеу барысында экспертиза тағайындалған кезде кемшiлiктердiң орын алатыны көрiндi. Соттар экспертиза тағайындау туралы әрдайым ұйғарымдар шығарып отырмайды, iске қатысушы адамдарға эксперттiң қорытындысына керектi сұрақтар берудi ұсынбайды; оларға Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 40, 41-статьяларында көрсетiлген негiздер бойынша экспертке қарсылық жасау правосын түсiндiрмейдi. Эксперттiң жұмыс орнын, оның бiлiмi, атқаратын қызметi туралы және т.б. мәлiметтердi анықтамайды. Дәлелсiз себептермен қорытынды беруден бас тартқаны немесе бұлтарғаны үшiн және бiле тұра өтiрiк қорытынды бергенi үшiн жауаптылығы туралы оған ескертпейдi. Кейде соттар эксперттiң алдына оның жауабы компетенциясы шегiнен шығып кететiн праволық сұрақтар қояды.
      Жекелеген реттерде соттар заңға қарамастан эксперттiң қорытындысын мұқият тексермей және оған тиiсiнше баға бермей, басқа дәлелдемелерге қарағанда артықшылығы бар дәлелдеме ретiнде қарайды. 
      Заң бойынша мiндетті болса да /АIЖК-iнiң 305-статьясы/ немесе iстiң мән-жайы бойынша қажеттi болса да, iстер көбiнесе экспертиза жүргiзiлмей шешiледi. 
      Соттар көбiнесе эксперттердiң қорытындысына тиiстi талап қоймайды. Экспертизаның қорытындысымен келiспеген жағдайда сот шешiмiнде оларды қабылдамау себептерiн көрсетпейдi. 
      Аталған кемшiлiктердi жою мақсатында және сот практикасында пайда болған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
       Ескерту. Атауы мен кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004.06.18 N 15 нормативтік қаулысымен.

                   қаулы етедi:

      1. Экспертиза дәлелдемелердi қамтамасыз етуге, iстi сотта қарауға әзiрлеген кезде және iстi шешiм шығарылғанға дейiн сотта қарау барысында тағайындауға мүмкiн екендiгi соттарға түсiндiрiлсiн.
      2. Экспертиза қашан тағайындалатынына қарамастан, сот /судья/ iске қатысушы адамдарға эксперттiң қорытындысы талап етiлетiн сұрақтарды қоюға праволы екендiгiн түсiндiруге мiндеттi. Ол iске қатысатын адамдардың экспертке ұсынған сұрақтарының шегiнен оның қалай қойылуымен байланысты емес. Сот сұрақтарды өз бетiнше тұжырымдауға және қосымша сұрақ қоюға, процеске қатысушылар ұсынған сұрақтарды дәлелдей отырып қабылдамауға праволы. 
      3. Экспертиза жүргiзу үшiн АІЖК-нің 91, 93, 94, 95, 98-статьяларының талаптарына сәйкес экспертиза тағайындау туралы соттың /судьяның/ шығарған ұйғарымы процессуалдық негіз болып табылады. Ұйғарымды жолдама хаттармен немесе тапсырмалармен ауыстыруға жол берiлмейдi. 
      Экспертиза тағайындау туралы ұйғарымда АІЖК-iнiң 252-статьясында аталған мәлiметтерден басқа мыналар көрсетiлуге тиiс:
      а/ эксперт мекемесiнің аты, эксперттің фамилиясы, әкесiнiң аты, оның жұмыс орны, мамандығы, бiлiмi, атқаратын қызметi туралы, дәлелсiз себептермен қорытынды беруден бас тартқандық немесе бұлтарғандық үшiн және бiле тұра өтiрiк қорытынды бергендiк үшiн жауапкершiлiк жөнiнде оны ескерту туралы мәлiметтер; 
      б/ эксперттiң шешуiне ұсынылатын сұрақтар, экспертиза жүргiзу үшiн маңызы бар оған берілетiн материалдар, заттар, документтер.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004.06.18 N 15 нормативтік қаулысымен.
      4. Соттардың АIЖК-iнiң 91-статьясына сәйкес эксперттiң шешуiне ғылым, техника, өнер немесе қолөнер саласында арнайы бiлiмдi талап ететiн сұрақтар ғана қойылуы мүмкiн екендiгiн ескеруi қажет. Эксперттің алдына қойылған сұрақтар оның арнайы бiлiм шегiнен шықпауы керек. Праволық сұрақтарды, мысалы, азаматтардың қабiлеттiлiгі, жол-транспорт оқиғасына жол берген адамдардың айыптылығы, материалдық құнды заттардың, малдың жетiспеушiлiгі үшiн кiм жауап беруге тиiс екендiгi туралы сұрақтарды эксперттiң шешуiне беруге болмайды. Экспертиза тағайындау туралы ұйғарымды сот кеңесу бөлмесiнде шығарады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004.06.18 N 15 нормативтік қаулысымен.
      5. Экспертизаны арнайы мекемелердiң эксперттерi немесе өзiне белгілі немесе тараптар ұсынған мамандардың арасынан сот тағайындаған адамдар жүргiзедi. Зерттеулердiң сипаты мен көлемiне қарай экспертиза сотта немесе одан тыс жерде /АIЖК-iнiң 93-статьясы/ жүргiзiлуi мүмкiн. Экспертке экспертиза тағайындау туралы ұйғарым және экспертиза атына /документтер, текстер, салыстырмалы үлгiлер, қолдар, цифр жазулар, жазу приборлары және т.б./ жататын қажеттi информациясы бар материалдар берiлуге тиiс.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004.06.18 N 15 нормативтік қаулысымен.
      6. Эксперт iстiң материалдарымен танысуға, сот iсiн жүргізу барысында iске қатысушы адамдарға және куәлерге сұрақтар қоюға, қорытынды беру үшiн маңызы бар жазбаша дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға, соттан қосымша материалдар беру туралы сұрауға праволы. 
      7. Эксперттiң қорытындысы толық немесе жеткiлiктi түрде айқын болмаған ретте, тап сол зерттеу объектiлерiне қатысты жаңа сұрақтар туындаса немесе қосымша материалдар болса, егер қорытындының толық немесе жеткiлiктi түрде айқын еместiгiн эксперттен жауап алу жолымен жою мүмкiн болмаса қосымша экспертизаны сот /судья/ тағайындауы мүмкiн. Сұрақтардың сипатына қарай қосымша экспертизаны сол эксперт жүргізуi мүмкiн. 
      Қосымша немесе қайта экспертиза тағайындаған ретте сот эксперттiң қарауына бұрынғы экспертизаның қорытындыларын, не барлық қосымшалармен қоса /фотосуреттер, сметалар, есептер, чертеждар/ қорытынды беру мүмкiн еместiгi туралы хабарларды, сондай-ақ экспертиза затына қатысты және соттың қарауында бiрiншi қорытынды берiлгеннен кейiн пайда болған қосымша материалдарды не қорытынды беру мүмкiн еместігі туралы хабарларды беруге тиiс. 
      8. Бiрiншi қорытындыны заңсыз немесе дәлелденбеген деп танылған ретте сот қайта экспертиза тағайындап, оны эксперттер комиссиясына тапсырады. Қайта экспертиза тағайындау дәлелдi болуға тиiс. Сот ұйғарымында бiрiншi экспертиза жүргiзген эксперт қорытындысының заңсыз немесе дәлелденбеген деп танылған, не күмән туғызған жағдайын, сондай-ақ эксперт қорытындыларының растығына күмән туғызған iстiң мән-жайын, эксперт анықтаған деректер мен iс бойынша басқа дәлелдемелердiң арасындағы қайшылық неде екенiн көрсетуге тиiс. 
      9. Iстi сотта қарауға тағайындалғанға дейiн iске қатысушы адамдар экспертизаның қорытындысымен танысуға тиiс. Сот мәжiлiсiнде ол жарияланып, толық зерттеледi. 
      10. Соттар эксперттер қорытындысының сапасы мен толықтығына талапты күшейтсiн. Оның заңға сәйкес алдын ала белгiленген күшi, басқа дәлелдемелердiң алдында артықшылығы жоқтығы және iстiң жинақталған барлық мән-жайлары жан-жақты, толық әрi объективтi қарауға негiзделген судьялардың iшкi сана-сезiмi бойынша бағалануға тиiс. Сот экспертиза қорытындысын дәлелдеме ретiнде қабылдау немесе оны қабылдамау себептерiн шешiмде көрсетуге мiндеттi.
      11. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
       Ескерту. 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы сотының 2012.12.29 N 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.