КСРО Жоғарғы Соты Пленумының "Сот үкімі туралы" 1969-жылғы 30-маусымдағы N 4 қаулысын Республика соттарының орындауы туралы

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1985 жылғы 12 сәуір N 2, Пленумның 1996-жылғы 20-желтоқсандағы N 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2002.08.15. N 19 қаулысымен. ~P02019s

      Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Жоғарғы Советi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация қабылдансын.

       Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң
      Председателі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы
ДЕКЛАРАЦИЯ

      Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Жоғарғы Советi
      Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып,
      Республиканың барлық азаматтары үшiн лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып,
      Республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бiрiншi дәрежелi мiндет деп санай отырып, 
      Жалпыға бiрдей адам праволары декларациясын және ұлттардың өзiн-өзi еркiн билеу правосын тани отырып, 
      қазақ ұлтының тағдыры үшiн жауапкершiлiктi ұғына отырып, 
      iзгiлiктi демократиялық праволық мемлекеттi құруға бел байлауды негiзге ала отырып, 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк егемендiгiн жариялайды және осы Декларацияны қабылдайды.

      1. Қазақстан Республикасы - егемендi мемлекет, ол басқа республикалармен Егемендi Республикалар Одағына ерiктi түрде бiрiгедi және олармен өзара қатынастарын шарттық негiзде құрады. 
      Қазақстан Республикасы Одақтан еркiн шығу правосын өзiнде сақтап қалады.

      2. Қазақстан Республикасы ұлттық мемлекеттiгiн сақтау, қорғау және нығайту жөнiнде шаралар қолданады. 
      Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетiн, дәстүрiн, тiлiн қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадiр-қасиетiн нығайту Қазақстан Республикасы мемлекеттiгінiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

      3. Қазiргi шекарасындағы Қазақстан Республикасының территориясы бөлiнбейдi және оған қол сұғылмайды, оның келiсiмiнсiз пайдалануға болмайды. 
      Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық бiрлестiктер, өзге де топтар немесе жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттерi, оның территориясының тұтастығын бұзуға шақыратын, сондай-ақ ұлт араздығын қоздыратын жария ұрандар заң бойынша жазаланады.

      4. Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрайды әрi ол Қазақстан Республикасында егемендiктiң бiрден-бiр иесi және мемлекеттiк өкiмет билiгiнiң негiзi болып табылады, мемлекеттік өкiмет билiгiн Қазақстан Республикасы Конституциясы негiзiнде тiкелей де, өкілеттi органдар арқылы да жүзеге асырады. 
      Республиканың бүкiл халқы атынан Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң iс-қимыл жасауға правосы бар.

      5. Қазақстан Республикасының өз азаматтығы бар және ол әрбiр азаматқа ССРО азаматтығын сақтауға кепiлдiк бередi. 
      Республика территориясында тұратын азаматтарға олардың қай ұлтқа және партияға жататындығына, тегiне, әлеуметтiк және мүлiк жағдайына, жынысына және дiни нанымына, жұмысының түрiне, тұрғылықты жерiне қарамастан, ССРО Конституциясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясында көзделген барлық праволар мен бостандықтарға кепiлдiк берiледi. Азаматтық және ұлттық тең праволылыққа қол сұғу заң бойынша жазаланады. 
      Қазақстан Республикасы Конституциясы шеңберiнде жұмыс iстейтiн қоғамдық, саяси және дiни ұйымдардың, бұқаралық қозғалыстардың мемлекет және қоғам өмiрiне қатысуы үшiн Қазақстан Республикасы тең праволы мүмкiндiктерге кепiлдiк бередi. 
      Қазақстан Республикасы Республика iшiндегi, Республика мен басқа республикалар арасындағы көшу-қону процестерiн реттеп отырады.

      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет билiгi Республика iшiнде, сондай-ақ Одақтық шартта белгiленген шеңберде сыртқы қарым-қатынаста үстем, дербес, толық болады. 
      Қазақстан Республикасы Республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтiк және ұлттық-мәдени құрылысқа, оның әкiмшiлiк-территориялық құрылымына байланысты барлық мәселелердi дербес шешедi, мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарының құрылымы мен компетенциясын, сондай-ақ Республиканың символдарын белгiлейдi.

      7. Республикада мемлекеттiк өкiмет билiгi оны заң шығару, атқару және сот билiгiне бөлу принципi бойынша жүзеге асырылады. 
      Заң шығару билiгiн Қазақ ССР Жоғарғы Советi жүзеге асырады. 
      Президент Республиканың басшысы болып табылады және онда ең жоғары өкiмшiлiк-атқару билiк болады. 
      Ең жоғары сот билiгiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жүргiзедi. 
      Қазақстан Республикасы территориясында оның заңдарының мүлтiксiз және бiрыңғай атқарылуын қадағалауды оның Бас прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының кандидатурасын Республика Президентi ССРО Бас прокурорымен келiсе отырып ұсынады және Қазақ ССР Жоғарғы Советi бекiтедi.

      8. Қазақстан Республикасы территориясында, оның өз еркiмен Одаққа берген мәселелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының үстемдiгi орнатылады, оларды барлық мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар сақтауға және орындауға тиiс. 
      Қазақстан Республикасы өз территориясында Республиканың егемендi праволары мен Конституциясын бұзатын Одақтың заңдары мен оның жоғары органдарының басқа да актiлерiнiң қолданылуын тоқтата тұруға праволы.

      9. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңiстiгi, өсiмдiктер мен хайуанаттар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкiл экономикалық, ғылыми-техникалық потенциал - Республика территориясындағы бүкiл ұлттық байлық Республика егемендiгiнiң негiзiн құрай отырып, оның ерекше меншiгiнде болады. 
      Қазақстан Республикасында меншiк формаларының алуан түрлi және тең болуы қамтамасыз етiлiп, олардың қорғалуына кепiлдiк берiледi. 
      Қазақстан Республикасы Одақтың, басқа одақтас республикалардың, шет мемлекеттердің, олардың азаматтары мен ұйымдарының мүлiктiк праволарын қорғауға кепiлдiк бередi.

      10. Қазақстан Республикасы Республиканың Жоғарғы Советiне бағынатын мемлекеттiк ұлттық банк, өзiнiң финанс-кредит жүйесiн құруға праволы, мемлекеттiк бюджетiн дербес қалыптастырады, салық және одақтық-республикалық таможня жүйесiн ұйымдастырады. 
      Қазақстан Республикасы Республика үлесiне сәйкес жалпыодақтық мүліктегi, оның iшiнде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесiне праволы.

      11. Қазақстан Республикасы Республиканың экологиялық ортасын қорғаудың, табиғи ресурстарды пайдаланудың тәртiбiн, ұйымдастырылуын дербес белгiлейдi, халықтың экологиялық хауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi және өз территориясында экологиялық қатер төндіретін көз болып табылатын кез келген кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, басқа да объектiлердiң құрылысына тыйым салуға және олардың жұмыс iстеуiн тоқтатуға праволы. 
      Республика территориясында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге де түрлерi (химиялық, бактериологиялық, биологиялық және басқалар) үшiн сынау полигондарын салуға және олардың жұмыс iстеуiне тыйым салынады. 
      Қазақстан Республикасы одақтық органдардың, одақтас республикалардың және өзге мемлекеттердiң iс-қимылынан, сондай-ақ өз территориясындағы ядролық және басқа полигондардың, әскери-өнеркәсiптік кешен объектiлерiнiң қызметiнен Республика халқының денсаулығына, табиғи ортасы мен экономикасына келтiрiлген зиянды өтетіп алуға праволы.

      12. Өздерiнiң ұлттық-мемлекеттiк және автономиялы құрылымдарынан тыс Қазақстан Республикасында тұратын немесе Одақ территориясында ондай құрылымдары жоқ ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiне қоғам өмiрiнiң барлық салаларында праволық теңдiк пен тең мүмкіндiктерге кепiлдiк берiледi. 
      Қазақстан Республикасы Республикадан тыс жерлерде тұратын қазақтардың ұлттық-мәдени, рухани және тiл жөнiндегi қажетiн қанағаттандыруға қамқорлық жасайды.

      13. Қазақ ССР Жоғарғы Советi мен Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын және солардың бақылауында болатын өз iшкi әскерлерiн, мемлекет қауiпсiздiгi және ішкi iстер органдарын ұстауға, Қазақстан Республикасының правосы бар. 
      Одақ Үкiметiмен келiсiм бойынша Республиканың өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының тәртiбi мен шарттарын белгiлеуге, өз территориясында әскерлер мен қару-жарақтарды орналастыру мәселелерiн шешуге правосы бар.

      14. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардың дербес субъектiсi болуға, сыртқы саясатты өз мүдделерiне сай белгiлеуге, дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың, оның iшiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының және оның мамандандырылған мекемелерiнiң қызметiне қатысуға правосы бар.
      Республика шет мемлекеттермен экономикалық және сауда байланыстарын ерiктiлiк пен тең праволылық принциптерiн сақтай отырып, өзара тиiмдi шарттар негiзiнде құрады, сыртқы экономикалық қызмет мәселелерiн дербес шешедi.

      15. Республиканың егеменді праволарын қорғауды Қазақстан Республикасы мен Одақ жүзеге асырады. Республиканың ажырағысыз правосын құрайтын мәселелерді шешуге араласудың қандайы болса да оның егемендігін бұзу деп бағаланады.

      16. Қазақстан Республикасы мемлекеттік егемендігінің символдары - герб, жалау, гимн - қасиетті болып табылады және оларды қорлаудың қандайы болса да заңмен жазаланады.

      17. Декларация Одақтық шарт жасау, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын, егеменді мемлекет ретінде Республиканың статусын жүзеге асыратын заң актілерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.