Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 197ач Қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулыға  75-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының реттік нөмiрi 3-жолы мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын:
      "и) Банктік операциялар жүргiзгенi үшiн екiншi деңгейдегi банктерге комиссиялық алым төлеу";

      2) көрсетiлген қаулыға  87-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының реттiк нөмiрi 3-жолы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Материалдар мен жабдықтар сатып алу жөнiндегi келiсiм-шарттар құнының бөлiгiн төлеу".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі