Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін мөлшерлемелерден аударымдардың мөлшерін белгілеу және аударымдарды жіберу пропорциясын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 167 қаулысында мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға осы қаулының 1-тармағында белгіленген мөлшерде ұстап қалатын аударымдарды жіберудің мынадай пропорциялары айқындалсын:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға 75 (жетпіс бес) пайыз;
2) олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына 7 (жеті) пайыз;
3) "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 5 (бес) пайыз;
4) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге 13 (он үш) пайыз.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |