ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 159-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің "LRT объектілеріндегі көліктегі полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) құрылсын.
2. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
"1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 261-1-жолмен толықтырылсын:
"261-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің LRT объектілеріндегі көліктегі полиция басқармасы.";
2) қызмет бабында пайдалану үшін.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | О. Бектенов |