Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 850 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 216 қаулысының 3-тармағы және 8-тармағының 2) тармақшасы.
3. "Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 833 қаулысы.