"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 845 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:

      19-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрліктің аппарат басшысын, Министрліктің ведомстволарының басшыларын, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;";

      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрліктің аппарат басшысына және Министрліктің ведомстволарының басшыларына қатысты:

      демалыс беру, ауыстыру, ақы төленетін қосымша демалыс күндерін беру не ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысынан және (немесе) ақы төленетін қосымша демалыс күндерінен кері шақыртып алу;

      тәртіптік жаза қолдану;

      мемлекеттік қызметін тоқтату, оны жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату);

      мемлекеттік қызметке және (немесе) лауазымға қайта орналасу жөнінде шешім қабылдайды;

      4-2) уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша үлгілік біліктілік талаптары негізінде Министрліктің мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

      4-3) мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітеді;

      4-4) ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы шешім қабылдайды;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

      Министрліктің аппарат басшысының өкілеттіліктері:

      1) Министрлікке жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастырады;

      2) өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді;

      3) Министрліктің қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      4) тиісті нормативтік құқықтық актілерде бекітілген Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің штат санын және штат кестесін Министрліктің бірінші басшысымен келіскеннен кейін бекітеді;

      5) жетекшілік ететін салаларда, оның ішінде жобалық басқарудың әдістері мен құралдарын қолдана отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және өзге де жоспарлау құжаттарын іске асыру мониторингін ұйымдастырады;

      6) Министрліктің бірінші басшысы немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін Министрліктің департаменттері мен дербес басқармаларының басшыларын Министрліктің бірінші басшысымен келісу бойынша лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      7) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      8) Министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      9) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілері мен өзге де жұмыскерлерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелері бойынша шешім қабылдайды;

      11) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілері мен өзге де жұмыскерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелері бойынша шешім қабылдайды;

      12) Министрліктің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      13) Министрліктің бюджеттік сұранымын дайындауды қамтамасыз етеді, бюджеттік сұранымды Министрліктің бірінші басшысына ұсынады, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындайды;

      14) Министрліктің саяси мемлекеттік қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады;

      15) Министрліктің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын үлгілік біліктілік талаптары негізінде уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша бекітеді;

      16) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов