ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" акционерлік қоғамының атауы "Корпоративтік дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы деп өзгертілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-146-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"21-146. "Корпоративтік дамыту орталығы" АҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 309-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-14-жолмен толықтырылсын:
"238-14. "Корпоративтік дамыту орталығы" АҚ".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Корпоративтік дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына берсін.
4. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |