Халықтың табысын арттырудың 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 485 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың табысын арттырудың 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысының;

      2) "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы" кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 246 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Кешенді жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

      2) жартыжылдық негізде, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-і күніне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық негізде, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 15-і күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 10 маусымдағы
№ 485 қаулысымен
бекітілген

Халықтың табысын арттырудың 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Паспорт

1

Атауы

Халықтың табысын арттырудың 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспары

2

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 16-14/440 тапсырмасы

3

Іске асыру мерзімі

2026 – 2029 жылдарға арналған

4

Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы

ҰЭМ, Еңбекмині, АШМ, ОМ, ҒЖБМ, ӨҚМ, ЭМ, ЖИЦДМ, ІІМ, ДСМ, СІМ, МАМ, Әділетмині, Қаржымині, КМ, СИМ, ТСМ, ЭТРМ, СРИМ, ТЖМ, Қорғанысмині, ҰҚК (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), МҚІА (келісу бойынша), СЖРА ҰСБ (келісу бойынша), АЭА (келісу бойынша), "AMANAT" партиясы (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "ҚМЖӘО" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "QazIndustry" АҚ (келісу бойынша), "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша), "QazTrade" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАгроФинанс" АҚ (келісу бойынша), "АКК" АҚ (келісу бойынша), "КДБ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ (келісу бойынша), "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша), "Астана Хаб" АКҚ (келісу бойынша), ЦҮҚО (келісу бойынша), "Отбасы банк" АҚ (келісу бойынша), "СҚ-Фармация" ЖШС (келісу бойынша), "Қаржы орталығы" АҚ (келісу бойынша), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

5

Негізгі проблемалар мен оларды шешу жөніндегі міндеттерді көрсете отырып, Кешенді жоспарды қабылдау қажеттігі туралы қысқаша ақпарат

Кешенді жоспарды қабылдау қажеттігі экономиканың өсімі мен халықтың нақты табыстарының серпіні арасындағы орнықты алшақтықпен шартасқан. Оң макроэкономикалық көрсеткіштерге қарамастан, азаматтардың едәуір бөлігі инфляциялық қысымға, жоғары берешек жүктемесіне және кірістердің біркелкі бөлінбеуіне байланысты сатып алу қабілетінің төмендеуіне тап болады.
Қазақстанда халықтың табысын арттыру кешенді экономикалық және әлеуметтік шараларды талап етеді.

Ағымдағы жағдайды талдау

1. Халықтың еңбек табысын талдау

      Мемлекеттік статистиканың алдын ала деректері бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан қорытындылары бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі жылдық мәнде 6,5 %-ға өсті. Бұл ретте экономика бойынша орташа алғанда еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылған адамға орташа жалақы жылына шамамен 5,5 млн теңге болғанда 14,8 млн теңгені құрайды. Алайда құрылатын қосылған құнның шамамен 31 %-ы (2023 ж. – 30,8 %; 2024 ж. – 31 %; 2025 ж. – 30,6 %) ресми еңбекақы қорына айналады, қалған бөлігі пайда, рента, амортизация және фискалдық алымдарға жинақталады.

      Қазақстанда 2026 жылдың I тоқсанында барлық салалар бойынша орташа айлық атаулы жалақы 461486 теңгені, медиандық жалақы 331527 теңгені құрады, алшақтық – 129959 теңге (39,2 %), бұл жоғары табыс жұмыскерлердің шектеулі тобында шоғырланғанын көрсетеді.

      2025 жылдың қорытындысы бойынша едәуір жоғары көрсеткіштер тау-кен өндіру өнеркәсібінде белгіленген: орташа жалақы – 940515 теңге, медиандық – 599696 теңге, бұл ретте дәл осы сектор жалпы қосылған құнға (бұдан әрі – ЖҚҚ) негізгі үлесті қалыптастырады (26,6 %), онда еңбек өнімділігі 64,7 млн теңгеге жетеді, орташа республикалық деңгейден 4,4 есе жоғары. Өнеркәсіптік өсудің экономикалық әсері негізінен капитал мен рентада, әсіресе жұмыспен қамту шектеулі өндіруші салаларға шоғырланған.

      Ауыл шаруашылығында керісінше, еңбек сыйымдылығы жоғары, өнімділік (6,2 млн теңге) және жалақы (319,5 мың теңге) төмен, бұл аграрлық өңірлерде кірістің төмен болуына ықпал етеді.

      Орташа және медиандық жалақы арасындағы ең үлкен алшақтық ақпарат және байланыс секторында (шамамен 2 есе), сондай-ақ қаржылық және сақтандыру қызметі, әкімшілік қызмет көрсету, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет салаларында тіркелді, бұл басқарушы құрам мен қатардағы қызметкерлер арасындағы кірістердің айтарлықтай саралануын көрсетеді.

      Ең төменгі алшақтық білім беру (14,5 %), денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (21,8 %) саласында байқалады, бұл тарифтік кестесі регламенттелген бюджеттік салаларға тән. Тарифтерді мемлекеттік реттеу салдарынан сумен жабдықтау (21,3 %) және энергетика (27,3 %) салаларында да кірістердің төмен саралануы байқалады.

      ЖҚҚ-ның 19,9 %-ын қамтамасыз ететін саудада ресми жалақы деңгейі салыстырмалы түрде төмен болып қалуда.

      Саудадағы кірістің едәуір бөлігі бейресми секторда жасырын төлемдер, өзін-өзі жұмыспен қамту және дара кәсіпкерлердің кірістері арқылы қалыптасады, бұл жоғары экономикалық белсенділік жағдайында жалақының ресми деңгейін төмендетуі мүмкін. Нәтижесінде сектор ЖҚҚ мен жұмыспен қамтуды шоғырландырады, бірақ еңбек нарығындағы құрылымдық алшақтықты күшейте отырып, экономикалық нәтижені ресми жалақы қорына жеткілікті түрде таратпайды.

      Анықталған теңгерімсіздіктерді өңірлік бөлініс күшейтеді. Орташа және медиандық жалақы арасындағы ең үлкен алшақтық шикізатқа бағдарланған өңірлер – Атырау мен Маңғыстау облыстарында байқалады, тиісінше 65,1% және 67,3 %. Бұл мұнай-газ секторында, негізінен ірі корпорациялар мен мердігерлік ұйымдардағы жоғары ақы төленетін жұмыс орындары кірістерінің жоғары саралануына байланысты. Бұл ретте саланың басқа салалардағы жалақының өсуіне әсері шектеулі болып қалуда.

      Орташа және медиандық жалақы арасындағы елеулі алшақтық Астана мен Алматы қалаларында да тіркелді, тиісінше 54,1 % және 46,3 %. Көрсетілген қалаларда мемлекеттік басқару, қаржы, консалтинг, IT, корпоративтік басқару және халықаралық бизнес салаларында жоғары білікті және жоғары ақы төленетін жұмыспен қамтудың елеулі сегменті қалыптасуда. Бір мезгілде еңбекақы төлеу деңгейі төмен қызмет көрсету, сауда, көлік және қоғамдық тамақтану саласында ауқымды жұмыспен қамту сақталып отыр.

      Алшақтықтың жоғары мәндері индустриялық өңірлер – Ұлытау облысы (133760 теңге, 29,2 %), Батыс Қазақстан облысы (98103 теңге, 35,9 %), Ақтөбе облысы (91671 теңге, 29,7 %) және Абай облысына (89156 теңге, 30,8 %) тән. Негізінен аграрлық және сервистік маманданған өңірлерде (Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары) жұмыспен қамтудың неғұрлым біртекті құрылымы мен еңбекақы төлеудің жақын деңгейлеріне байланысты алшақтық айтарлықтай төмен.

      2019 – 2025 жылдары Қазақстанда азаматтық қызметшілердің, оның ішінде педагогтердің, медицина қызметкерлерінің, мәдениет, әлеуметтік сала және бюджет секторының өзге де санаттарының жұмыскерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру саясаты іске асырылды, ол шамамен 1,2 млн адамға әсер етті. Жүргізілген саясаттың нәтижесінде 2019 жылы қосалқы, негізгі персоналдың жалақысы төмен жұмыскерлері, сондай-ақ бюджеттік саланың басқарушы персоналының кейбір жұмыскерлері үшін жалақы 30 %-ға көтерілді. 2020 жылдан бастап 2023 жыл аралығында жыл сайын 25 %-ға индекстеу есебінен жалақы 2 есе өсті. Бүгінгі күні орта мектеп мұғалімінің орташа жалақысы 398 мың теңгені құрайды. 2023 жылы мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне қосымша үстемеақылар енгізілді.

      2020 жылы мәдениет жұмыскерлерінің еңбекақысы: республикалық ұйымдар үшін 50 %-ға, жергілікті деңгейдегі ұйымдар үшін 35 %-ға өсті.

      2021 – 2023 жылдар аралығында медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен: дәрігерлерге жыл сайын 30 %-ға және орта медициналық персоналға 20 %-ға, 2024 жылы медициналық емес жұмыскерлер үшін 18 %-ға көтерілді. Осы кезеңде әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 2 есеге артты. Ал 2022 жылдан 2025 жыл аралығында азаматтық қызметшілердің өзге де санаттары: бухгалтерлерге, экономистерге, заңгерлерге, архившілерге, кітапханашыларға және т.б. үшін еңбекақы 2 есе өсті.

      Азаматтық қызметшілердің жалақысының өскеніне қарамастан, инфляция және өмір сүру құнының өсуі шартында бұрын іске асырылған шаралардың әсері біртіндеп төмендеуде, соның салдарынан бюджет саласы жұмыскерлерінің жекелеген санаттарына еңбекақы төлеуді одан әрі арттыру қажеттілігі сақталады.

      Экономикалық өсімнің жалпы ағымдағы моделі орнықты құрылымдық алшақтықты қалыптастырады. Қазақстанда салалар, өңірлер және жұмыскерлер санаттары арасында еңбек табыстарының жоғары саралануы сақталуда.

      Кешенді жоспарда жалақыны саралауды қысқарту, сондай-ақ жекелеген секторларда ең төменгі жалақыны да, сол сияқты еңбекақыны да жалпы арттыру шаралары көзделген.

      Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

      Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бизнес кірістерінің, салықтық түсімдердің және еңбекақы төлеу қорының өсуіне оң әсер етеді. Ең тиімді қаржылық шаралар микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – МҚҰ) микрокредиттерін субсидиялау, гранттық және лизингтік қаржыландыру болып табылады, олар мемлекет алдындағы міндеттемелерді орындаудың жоғары көрсеткіштерін көрсетті:

      салықтық түсімдердің өсуі бойынша: МҚҰ микрокредиттерін субсидиялау – 199 %, гранттар – 96 %, лизинг – 257 %;

      кірістердің өсуі бойынша: МҚҰ микрокредиттерін субсидиялау – 230 %, гранттар – 400 %, лизинг – 213 %;

      жұмыскерлер санының өсуі бойынша: МҚҰ микрокредиттерін субсидиялау – 19 %, гранттар – 38 %, лизинг – 25 %;

      еңбек өнімділігінің өсуі бойынша: МҚҰ микрокредиттерін субсидиялау – 348 %, гранттар – 157 %, лизинг – 270 %;

      еңбекақы төлеу қорының өсуі бойынша: МҚҰ микрокредиттерін субсидиялау – 379 %, гранттар – 231 %, лизинг – 144 %.

      Сонымен қатар, жұмыспен қамту және өнімділік бойынша әсер біркелкі емес, ал бірқатар салаларда, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенде (бұдан әрі – АӨК) еңбекақы төлеудің төмен деңгейі сақталуда.

      Бұл ретте бизнес мемлекеттік қолдау алуына байланысты салықтық міндеттемелері ғана емес, сонымен қатар жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және табысын арттыру жөніндегі міндеттемелерді де орындауы тиіс.

      Осыған байланысты қолдау шараларының атаулылығын күшейту және бизнестің қарсы міндеттемелерін енгізу, соның ішінде жалақыны арттыру, сапалы жұмыс орындарын құру, кадрлар даярлау және еңбек өнімділігін арттыру мақсатқа сай келеді. Сонымен қоса қолдау шараларының ашықтығын, бақылауды және нәтижелілігін арттыру үшін мониторинг сервистерінің (Baqylauda) цифрлық интеграциясын қамтамасыз ету қажет.

      Ұсынылатын тетіктер:

      субсидия алушыларда медиандық жалақының міндетті ең төменгі деңгейін белгілеу (мысалы, өңір бойынша медианадан төмен емес не ең төменгі жалақы коэффициентінен (бұдан әрі – ЕТЖ) төмен емес);

      субсидиялар мен жеңілдікті қаржыландыруға қолжетімділікті сақтаудың шарты ретінде медиандық жалақының кезең-кезеңімен өсуі;

      міндеттеменің орындалуын орташа жалақы бойынша емес, медиана бойынша бақылау.

2. Еңбек өнімділігі және жұмыс орындарының сапасы

      Экономиканың өсуі нәтижесі еңбек өнімділігінің оң өсуі болды, 2025 жылғы алдын ала деректер бойынша теңгелік баламада 2024 жылғы деңгейге 15,1 %-ға және долларлық мәнде алдыңғы кезеңнің деңгейіне 3,6 %-ға номиналды өсуі кезінде бір жұмыспен қамтылғанға 14,8 млн теңгеге немесе 28,4 мың АҚШ долларына жеткен.

      Салыстыру үшін 2024 жылдың қорытындысы бойынша Еуропалық одақ (бұдан әрі – ЕО) елдеріндегі еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 86,7 мың АҚШ долларын құрады, бұл Қазақстан деңгейінен 3,2 есе артық, бірақ сонымен бірге соңғы он жылдағы ең төменгі алшақтық болып табылады.

      Тау-кен өнеркәсібінде өнімділік 123,1 мың АҚШ долларын құрайды. Ал өңдеу өнеркәсібінде алшақтық айтарлықтай төмен: ЕО-дағы 106,4 мың АҚШ долларына қарағанда Қазақстанда 57,7 мың АҚШ доллары немесе ЕО деңгейінен 1,9 есе төмен. Бұл арақатынас соңғы он жылда ең төменгі болып табылады. Салыстыру үшін 2016 жылы өңдеу секторындағы артта қалу 2,9 есеге жетті. Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі өнімділігінің едәуір бөлігі металлургия есебінен қалыптасады, ал ЕО өңдеу секторының құрылымында оның үлесі айтарлықтай төмен.

      Қазақстанның ауыл шаруашылығында 2024 жылы еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 10,8 мың АҚШ долларын құрады, ал ЕО елдерінде көрсеткіш 48,3 мың АҚШ долларына жетті, бұл 4,5 есе артта қалуға сәйкес келеді.

      Мемлекеттік статистиканың ресми деректері бойынша 2026 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамту 10,2 %-ды құрады, бұл оны халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін секторлардың бірі ретінде көрсетеді. Бұл ретте, ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі ресми түрде "өзін-өзі жұмыспен қамтыған" болып саналады, бірақ іс жүзінде маусымнан тыс уақытта тұрақты табысы жоқ. Осыны ескере отырып, ауылдық жерлерде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны шамамен 1 млн адамды немесе ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылғандардың 31 %-ын құрайтынын ескерсек, сарапшылар ауылдық жерлерде жете жұмыспен қамтылмаудың нақты деңгейінің айтарлықтай жоғары екенін бағалады. Ал 2025 жылы ауылдық жерлерде ресми маусымдық жұмыспен қамту және белгілі бір мерзімге шарт бойынша жұмыспен қамту шамамен 6 %-ды құрады.

      Даму экономикасы саласында жүргізілген бірқатар зерттеу деректері бойынша табыстың төмен деңгейінен жоғары деңгейіне көшудің жекелеген кезеңдерінде халық табысы саралануының өсуі байқалуы мүмкін. Мұндай логика экономиканың құрылымдық трансформациясы үдерісінде өнімділіктің өсуінен, инвестициялардан және жаңа салалардың дамуынан алынатын пайда бастапқыда секторлар, өңірлер және халық топтары арасында біркелкі бөлінбеуі мүмкін деген гипотезаға жақын. Алайда бұл үдеріс әмбебап немесе автоматты түрде кепілдендірілген сценарий емес. Теңсіздік серпіні негізінен білім беру қолжетімділігіне, жұмыспен қамту құрылымына, жұмыс орындарының сапасына, салық-бюджеттік тетіктерге және халықтың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шараларға байланысты.

      Осылайша қалыптасқан өсу құрылымы дамыған экономикалармен одан әрі жақындасу әлеуетін шектейді. Осыған байланысты орта және ұзақ мерзімді перспективада өнімділікті орнықты арттыру үшін экономика бойынша өсу әсерлерінің анағұрлым біркелкі таралуын қамтамасыз етуге қабілетті саудаланатын және шикізаттық емес салалар есебінен өсу көздерін кеңейту талап етіледі.

      Сонымен қоса тұрақсыз және өнімділігі төмен жұмыспен қамтудың жоғары үлесі де маңызды мәселе болып қалуда, әсіресе халықтың едәуір бөлігі маусымдық жұмыстарға тәуелді және жыл бойына тұрақты табыс көзі жоқ ауылдық жерлерде. Қосымша фактор – едәуір бөлігі іс жүзінде жасырын жете жұмыспен қамтымау санатына жататын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі.

      Осыған байланысты мемлекеттік саясаттың өзекті міндеті ең алдымен экономиканың шикізаттық емес және жоғары өнімді секторларында тұрақты жұмыспен қамтуды, лайықты еңбекақы деңгейін, әлеуметтік қорғалуды және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін сапалы жұмыс орындарын құру болып табылады.

      Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының анықтамасына сәйкес "сапалы жұмыс орны" былай сипатталады:

      тұрақты жұмыспен қамту, яғни жұмыскер еңбек қызметін 6 айдан және одан да көп мерзімде жүзеге асыруы тиіс;

      еңбекақы төлеу деңгейі өңірдегі медиандық жалақыға тең немесе одан артық (экономикада туындаған күйзелістерді сіңіру үшін өңірлердегі медиандық жалақы әр 6 ай сайын қайта қаралуға тиіс);

      әлеуметтік қорғау пакетімен қамтамасыз ету – ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналарының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың болуы, ақылы демалыстың болуы;

      қауіпсіз жұмыс ортасы (кәсіпорындағы жұмыс ортасының қауіпсіздігін бағалау үшін осы саладағы жұмыс орындарына қатысты өндірістік жарақаттар мен өлім-жітім санын салыстыру әдістемесі қолданылады).

3. Адами капиталды дамыту және жұмыспен қамтуды арттыру

      Қазақстанның адами капиталының дамуы тұтастай алғанда оң серпінді көрсетеді, ол халықаралық адами даму көрсеткіштерінде де, ұлттық еңбек ресурстарының құрылымында да көрініс табады. БҰҰДБ Адами даму индексіне (бұдан әрі – АДИ) сәйкес Қазақстан адами даму деңгейі өте жоғары елдер тобында, АДИ көрсеткіші 0,837 болатын 193 ел мен аумақтың ішінде 60-орында тұр, бұл 1990 жылмен салыстырғанда 21,5 %-ға өсуді білдіреді. Сонымен қатар теңсіздікті ескере отырып түзетілген АДИ 0,766-ға дейін төмендеуі немесе 8,5 %-ға жоғалту теңсіздік адами дамудың нақты деңгейін төмендетуді жалғастырып жатқанын көрсетеді. Осы орайда Қазақстанның еңбек ресурстарының жас құрылымы салыстырмалы орнықты сипатты сақтауда, бұл ретте негізгі жүктеме орта жастағы халыққа түседі: 35 – 44 жас (28 %), екінші топтағы адамдар 45 – 54 жас (20 %), үшінші топтағы адамдар 29 – 34 жас (20 % – 19 %), (1-сурет).


      1-сурет. Қазақстанның еңбек ресурстарының жас құрылымы

      Дереккөз: СЖРА ҰСБ

      Жалпы Қазақстанның адами даму саласындағы ілгерілеуіне еңбек ресурстарының салыстырмалы түрде күшті базасы қолдау көрсетеді, алайда жұмыс күшінің жас құрамындағы тұрақты теңсіздік пен құрылымдық өзгерістер, әсіресе жаһандық дамудың баяулауы, демографиялық өзгерістер және болашақ жұмыспен қамту мен өнімділіктегі жасанды интеллектінің өсіп келе жатқан рөлі жағдайында тұрақты және дамуға бағытталған саясат дағдыларының қажеттілігін көрсетеді.

      2025 жылғы жағдай бойынша Қазақстан халқының 28 %-ын 15 пен 35 жас аралығындағы адамдар, сондай-ақ 29 %-ын балалар мен жасөспірімдер (0-18 жас) құрайды. Бұл құрылым елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының айтарлықтай демографиялық әлеуетін қалыптастырады.

      Дағдылардың қазіргі экономика талаптарына сәйкес келмеуі және еңбек нарығына кірудегі жоғары кедергілер негізгі сын-қатерлер болып қала береді. Білім беру бағдарламалары цифрландыруға, автоматтандыруға және жасанды интеллектіні таратуға әрдайым тез бейімделе бермейді. Жастардың дағдылары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктері арасындағы жаһандық алшақтық соңғы екі онжылдықта жастардың жұмыспен қамтылуын 12 %-ға төмендеткен факторларының бірі болды1. Сонымен қатар жұмыс берушілер көбіне жұмыс тәжірибесі бар мамандарды таңдайды. 11250 жұмыскерге жүргізілген сауалнама мен әлем бойынша 126 млн бос жұмыс орнын талдауға негізделген зерттеуге сәйкес бастапқы деңгейдегі бос жұмыс орындары 2024 жылғы қаңтардан бастап 29 пайыздық тармаққа қысқарды2. Бұл кадр тапшылығы болған күннің өзінде жас мамандарға алғашқы жұмысын табу қиын бола түседі, өйткені бастапқы позициялар саны азаяды және олар үшін бәсекелестік артады дегенді білдіреді.

      Дүниежүзілік экономикалық форумның деректеріне сәйкес цифрлық құзыреттіліктерден басқа, бүгінгі таңда көшбасшылық, сыни ойлау дағдыларына, экологиялық ("жасыл") құзыреттер мен тұрақтылыққа баса назар аударылады. 2030 жылға қарай әлемдегі жұмыс орындарының шамамен 22 %-ы өзгеріске ұшырайды немесе жоғалады деп болжануда3. Дүниежүзілік экономикалық форум мен PwC бірлескен баяндамасында біліктілікті арттыруға инвестициялар әлемдік жалпы ішкі өнімді (бұдан әрі – ЖІӨ) 2030 жылға қарай 6,5 трлн АҚШ долларына арттыруға қабілетті екендігі атап өтілді, бұл негізгі даму сценарийімен салыстырғанда 1,2 трлн долларға артық4. Сонымен қатар Career Enbek платформасының деректері бойынша қазақстандықтардың небәрі 4-5 %-ы ғана кәсіптік немесе дамыту курстарынан өтеді5. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінде бұл көрсеткіш 40 %-ды құрайды6.

      Жүргізілген талдау еліміздің еңбек ресурстарындағы құрылымдық теңгерімді есепке алудың, атап айтқанда, жас ұрпақ пен 50 жастан асқан жұмыскерлерді анағұрлым орнықты басқару үшін маңыздылығын растайды. Кадрларды еңбек нарығының қажеттілігі серпінін ескере отырып даярлау бұл үрдісті деңгейлестіру шарасы болып табылады.

      Жұмыспен қамту құрылымы. 2022 – 2025 жылдары Қазақстандағы жұмыспен қамту құрылымы жоғары орнықтылықпен және салыстырмалы түрде баяу құрылымдық өзгерістермен сипатталды. Жұмыспен қамтылғандардың негізгі үлесі дәстүрлі түрде саудаға (кезеңдегі орташа 16,7 %), білімге (13 %), өнеркәсіпке (12,5 %) және ауыл шаруашылығына (12,1 %) тиесілі, бұл жұмыспен қамтудың аралас құрылымын көрсетеді. Білім беруде жұмыспен қамтылғандардың үлесі біртіндеп өсті – 12,7 %-дан 13,2 %-ға дейін, ал ауыл шаруашылығында 12,4 %-дан 10,6 %-ға дейін төмендеді.

      Еңбек нарығында айқын гендерлік және аумақтық саралау сақталуда. Ерлер негізінен өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста және көлікте, ал әйелдер білім беруде, саудада және денсаулық сақтауда жұмыс істейді. Қалаларда жұмыспен қамту негізінен саудада (19,4 %) және өнеркәсіпте (14,3 %), ал ауылдық жерлерде үлесі 2022 жылғы 26,4 %-дан 2025 жылғы 22,2 %-ға дейін біртіндеп төмендегеніне қарамастан, ауыл шаруашылығында және саудада (12,4 %) шоғырланған. Бір мезгілде ауылдық жұмыспен қамтуда білім беру үлесінің 15,4 %-дан 16,1 %-ға дейін ұлғаюы байқалады.

      Жұмыспен қамтудың жас құрылымы тұрақты болып қалуда: жастар негізінен кірудің төмен шегі мен осы салалардың жоғары икемділігіне байланысты сауда мен ауыл шаруашылығында, ал егде жастағы топтар ауыл шаруашылығында шоғырланған. Бұл құрылым жұмыспен қамтылған халықтың білім деңгейімен өзара байланысты. Сонымен бірге ауыл шаруашылығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар жұмыскерлердің ең төмен үлесі байқалады – 26 %, бұл ретте білімі жоқ жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі тіркелген – 22 %. Сонымен қатар ең жоғары білікті секторлар қаржылық және сақтандыру қызметі – 73 % және кәсіби, ғылыми қызмет – 69 % болып табылады.

      Қазақстанда NEET деңгейі 2022 – 2025 жылдары одан әрі төмендей отырып, қалыпты ауытқулармен сипатталды. 2022 жылы еңбек, білім немесе кәсіптік даярлық саласында жұмыспен қамтылмаған жастардың үлесі 6,5 %-ды, 2023 жылы 7,3 %-ды, 2024 жылы 6,5 %-ды, 2025 жылы 4,6 %-ды құрады, бұл жастарды жұмыспен қамтуға, білім беруге және кәсіптік даярлыққа тартудың анағұрлым қолайлы серпінін көрсетеді. Халықаралық еңбек ұйымына (бұдан әрі – ХЕҰ) сәйкес NEET жастардың осалдығының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала береді, өйткені бұл көрсеткіш жұмыссыздықты ғана емес, сонымен қатар жұмыспен қамту, білім беру және кәсіптік даярлық туралы кеңірек ақпарат береді.

      Жалпы алғанда 2022 – 2025 жылдары Қазақстанның еңбек нарығы әлеуметтік саланың рөлі біртіндеп күшеюі жағдайында сервистік-сауда бағытын сақтап қалды. Сонымен қатар ауылдық жұмыспен қамтудың аграрлық секторға жоғары тәуелділігі және жынысы мен жасы бойынша құрылымдық сегрегация сақталып отыр, бұл жұмыспен қамтуды одан әрі әртараптандыру, сапалы жұмыс орындарын кеңейту және жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру қажеттігін көрсетеді.

      Платформалық жұмыспен қамту. Жаһандық цифрландыру жағдайында еңбек нарығын жетілдірудің негізгі драйверлерінің бірі цифрлық платформалар мен жұмыспен қамтудың икемді нысандары болып табылады. 2025 жылғы жағдай бойынша әлемдік жұмыс күшінің шамамен 20 %-ы онлайн-платформалар арқылы қызметке тартылды7. Қазақстанда платформалық жұмыспен қамту да өзекті сипатқа ие болуда және 2024 жылғы қыркүйектен бастап нормативтік тұрғыдан бекітілді.

      Платформалық жұмыспен қамтуды дамыту көлеңкелі жұмыспен қамтуды қысқартуға ықпал ете отырып, халықтың табыс алуы және азаматтарды экономиканың ресми секторына тарту үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады. Тетікті іске асырудың бірінші жылында оң фискалдық әсер алынды: бюджетке 6,3 млрд теңге, оның ішінде 1,8 млрд теңге жеке табыс салығы және 4,6 млрд теңге әлеуметтік төлемдер түсті. Сараптамалық бағалаулар бойынша шамамен 394 мың азамат цифрлық сервистер арқылы табыс табады және бұл бағыт белсенді дамып келеді.

      Сонымен қатар платформалық жұмыспен қамтуды дамыту кірістердің тұрақсыздығын, әлеуметтік және сақтандыру арқылы қорғаудың шектеулі деңгейін, дауларды шешудің ашық тетіктерінің болмауын және платформалар тарапынан біржақты шешімдер тәуекелдерін қоса алғанда, бірқатар проблемалық мәселелермен қатар жүреді. Осыған байланысты жұмыскерлердің, платформалар мен мемлекеттің мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған платформалық жұмыспен қамтуды қолдаудың қосымша құралдарын реттеуді одан әрі жетілдіру және қалыптастыру шаралары көзделген.

      _____________________________________

      1 https://www.unicef.org/press-releases/young-people-unable-access-skills-needed-todays-job-market-new-report-says

      2 https://www.weforum.org/stories/2025/09/gen-z-are-competitive-job-market-randstad/

      3 https://www.weforum.org/impact/reskilling-revolution-preparing-1-billion-people-for-tomorrows-economy/

      4 https://www.weforum.org/press/2021/01/investment-in-upskilling-could-boost-global-gdp-by-6-5-trillion-by-2030/

      5 https://career.enbek.kz/ru

      6 https://career.enbek.kz/ru

      7 https://urbanforum.kz/tpost/e8jgxesdl1-rezultati-issledovaniya-platformennoi-ek

4. Халықтың табысы және азық-түлік инфляциясы

      Халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табыстары 2025 жылдың қорытындысы бойынша 238070 теңгені, номиналды кірістер индексі 110,2 %-ды, нақты ақшалай кірістер индексі 98,9 %-ды құрады, бұл баға қысымы аясында сатып алу қабілетінің төмендегенін көрсетеді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 5,0 % деңгейінде қалыптасты.

      Еңбек кірістерін қалыптастырудағы негізгі үлес жалдамалы жалақымен қамтамасыз етіледі: үлес 2019 жылғы 61,9 %-дан 2025 жылғы 66,6 %-ға дейін өсті. 2019 жылдан бастап жалданбаған жұмыстан түсетін кірістер төмендеп, 2025 жылы 8,3 %-ға жетті, бұл халықтың табыс көзі ретінде кәсіпкерлік және өзін-өзі жұмыспен қамтылудың баяу қарқынын көрсетеді.

      2019 жылғы кірістер құрылымындағы әлеуметтік трансферттердің үлесі: зейнетақы 20,3 %-ды құрады, 2025 жылы 18,0 %-ға дейін төмендеді, жәрдемақылар шамамен 3,7–3,9 % деңгейінде тұрақты үлесті сақтап қалды, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі шамамен 0,1 % болатын шамалы үлесті құрайды, бұл ретте стипендияның үлесі біртіндеп артып, 2025 жылы 0,5 %-ды құрады, туыстары мен таныстарынан материалдық көмек, алимент 2019 жылдан бастап 0,8 пайыздық тармаққа төмендеп, 2025 жылы 1,9 %-ды құрады (2-сурет).

     


      2-сурет. Қазақстан халқының табыс құрылымы, 2019 – 2025 жылдар

      Жалпы ел бойынша Қазақстан халқы табысының шамамен төрттен үш бөлігі еңбек есебінен қалыптасады деген қорытынды жасауға болады, бұл ретте кіріс базасының өсуі негізінен кәсіпкерлікті дамыту немесе капиталды жинақтау есебінен емес, жалдамалы жұмыспен қамту есебінен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік трансферттер қолдау функциясын орындайды және кірістердің өсуінің драйвері болып табылады.

      Анықтама: ХЕҰ деректеріне сәйкес 2019 – 2024 жылдар аралығында кезеңде еңбек кірісінің жаһандық үлесі шамамен 52,9 %-52,3 %-ды құрады.

      "PwC Қазақстан" 2023 жылы Forbes Kazakhstan-мен бірлесіп ірі компаниялардың бірінші басшыларына жүргізген сауалнамаға сәйкес негізгі бизнес-қатерлер геосаяси қақтығыстар (66 %), инфляция (40 %) және киберқауіптер (35%) болып қала береді. Белгісіздік жағдайында жұмыс берушілер консервативті қаржы саясатын бағдарға алады, бұл жалақыны индекстеу қарқынына әсер етеді.

      Халықтың азық-түлік тауарларына шығыстары ақшалай шығыстарының жартысынан көбін құрайды (2025 жылы 52 %), бұл халықтың нақты табысының өсуі шектеулі экономикаға тән.

      Қазіргі уақытта ішкі нарықтың өз өндірісі есебінен азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілуі 80-ден 100 %-ға дейін және одан жоғары. 6 тауардан басқа (құс еті, шұжық өнімдері, балық, ірімшік және сүзбе, қант, алма). Көрсетілген тауар позициялары бойынша өндіріс көлемін ұлғайту және импортты алмастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

      Заманауи логистикалық және өткізу инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, сондай-ақ фермерлік шаруашылықтардың әлсіз кооперациясы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірнеше делдалдық буындар арқылы өтуіне әкеледі, олардың әрқайсысы өзінің сауда үстеме бағасын қалыптастырады. Нәтижесінде тұтынушы үшін өнімнің түпкілікті құны өндірушінің босату бағасынан бірнеше есе асып түседі.

      Сондай-ақ негізгі мәселелердің қатарына коммуналдық қызметтердің, минералды тыңайтқыштардың, жанар-жағармай материалдарының, ауыл шаруашылығы техникасы мен логистиканың қымбаттауына байланысты өндіріс шығындарының өсуі жатады. Өндірістік-өткізу тізбегінің барлық кезеңінде өзіндік құнның өсуі азық-түлік нарығындағы инфляциялық қысымды күшейте отырып, түпкілікті тұтыну бағасының өсуіне тікелей таралады.

      2025 жылы азық-түлікке әлемдік бағаның рекордтық өсуі тіркелді: 2025 жылдың қорытындысы бойынша ет бойынша ФАО индексінің орташа мәні 123,2 пайыздық тармаққа, май мен тоң май бойынша 161,6 %-ға, сүт өнімдері бойынша 146,9 %-ға жетті. Валюта бағамдарының тұрақсыздығы, сондай-ақ өндірушілердің ішкі шығындарының (шикізат, жем-шөп, ЕТҚ, электр энергиясы, логистика) өсуі айтарлықтай әсер етеді.

      2021 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстандағы азық-түлік инфляциясы жалпы инфляциядан озып кетті, бұл бағалардың құбылмалылығының жоғарылағанын және ауыл шаруашылығы және азық-түлік нарықтарындағы шиеленістің сақталғанын көрсетеді. 2022 жылғы желтоқсанда азық-түлік инфляциясы жалпы инфляциядан 5 пайыздық тармаққа (20,3 %) асып түсіп, 25,3 % деңгейінде болды, азық-түлік инфляциясының ең жоғары мәні 2023 жылғы ақпанда белгіленді – 26,2 % (жалпы инфляция – 21,3 %). 2025 жылы азық-түлік тауарларының бағасы 13,5 %-ға қымбаттады, жалпы инфляция 12,3 %-ды құрады.

      Кешенді талдау халықтың азық-түлік шығыстарының жоғары үлесі құрылымдық және баға факторларының жиынтық әсерімен анықталады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

      Осылайша азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларға жұмсалатын шығыстардың жоғары үлесі, өндіріс пен логистиканың жоғары шығындары есебінен азық-түлік инфляциясының жоғары қарқыны және кірістердің негізінен жалдамалы жұмыспен қамтуға тәуелділігі халықтың нақты кірістерінің жеткіліксіз өсуін көрсетеді.

      Осыған байланысты мемлекеттік саясаттың өзекті міндеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, сондай-ақ логистика саласындағы тариф белгілеу жүйелерін жетілдіру және жалпы халықтың нақты табысын арттыру болып табылады.

5. Салықтық және әлеуметтік шаралар

      Халық табысының деңгейі мен орнықтылығына әсер ететін құрылымдық факторларды сақтау жағдайында салықтық және әлеуметтік қолдау шаралары ерекше маңызға ие.

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінің жұмыс істейтініне қарамастан, халықтың медициналық қызметтерге 30,3 % мөлшеріндегі қалта шығыстарының едәуір үлесі сақталуда. Бұл ретте дәрілік заттар бағасының тұрақты өсуі байқалады, бұл үй шаруашылықтарына түсетін қаржылық жүктемені күшейтеді және медициналық көмектің нақты қолжетімділігін төмендетеді.

      Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес еліміздің 20 өңірінде жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 2026 жылғы наурызда 2025 жылғы маусыммен салыстырғанда 631 атау бойынша бағаның орташа есеппен 24,6 %-ға төмендеуі тіркелді. Бұл ретте мемлекеттік реттеуге жатпайтын рецептісіз босатылатын дәрі-дәрмектер бойынша құнның 5-тен 15 %-ға дейін шамалы өсуі байқалады, кейбір позициялардың құны 11 %-ға дейін төмендеген.

      Үй шаруашылықтарының қолда бар табысына қосымша қысым жеке табыс салығынан ипотекалық қарыздар бойынша сыйақыны шегеру бойынша жеңілдікті жоюды қалыптастырады, бұл қарыз алушыларды салықтық қолдауды төмендетті және нәтижесінде халық үшін ипотекалық кредиттеудің жалпы тартымдылығы мен қолжетімділігін азайтты. Кредиттік жүктемесі бар үй шаруашылықтары үшін бұл тұрғын үйге қызмет көрсетудің тиімді шығыстарының өсуін білдіреді, бұл қолда бар табысқа тікелей әсер етеді және әсіресе жалақының шектеулі өсуі жағдайында отбасылардың қаржылық тұрақтылығын төмендетеді.

      Сонымен қатар салықтық жүктеме едәуір дәрежеде жанама сипатта болады және тұтынуға көбірек әсер етеді, бұл табысы төмен және орташа үй шаруашылықтары үшін регрессивті әсерді күшейтеді. Бұл ретте кірістерді салықтық жүйесі арқылы прогрессивті қайта бөлу әлеуеті шектеулі пайдаланылады.

      Жиынтығында бұл факторлар – тұрғын үй саласындағы салықтық жеңілдіктердің қысқаруы және денсаулық сақтауға жұмсалатын жеке шығыстардың жоғары үлесі халықтың нақты қолда бар табыстарына тежеуші әсер етеді.

      Осы шектеулерді шешу үшін дәрілік заттардың бағасын төмендетуге, "әлеуметтік әмиян" арқылы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетудің проактивті форматына және жеке табыс салығын есептеу кезінде ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесін шегеру бойынша жеңілдікті қайтаруға бағытталған шаралар көзделген.

6. Халықтың борыштық жүктемесі

      Банктердің тұтынушылық кредиттерінің портфелі жоғары өсу серпінін сақтап отыр, бұл ретте реттеушілік және макропруденциялық шараларды іске асыру аясында кредиттеу қарқыны біртіндеп баяулауда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылық кредиттер көлемі 21,0 %-ға ұлғайып, 16,7 трлн теңгені құрады (2024 жылы 33,5 %). 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша портфель 17,0 трлн теңгеге жетті, жыл басынан бері өсім 2 % болды.

      Бұл ретте кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің өсу қарқыны 2024 жылғы 29,2 %-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 14,6 %-ға дейін баяулады, бұл қамтамасыз етілмеген кредиттеу серпінінің біртіндеп баяулағанын көрсетеді. Кепілсіз кредиттер портфелі жыл басынан бері 1,2 %-ға ұлғайып, 2026 жылғы 1 мамырға 11,8 трлн теңгені құрады.

      Өсудің баяулауына қарамастан, мерзімі өткен берешектің өсу тәуекелдері сақталып отыр. Мерзімі 90 күннен асатын қарыздардың үлесі 6,5 %-ды немесе шамамен 1,1 трлн теңгені құрады.

      Тәуекелдерді бәсеңдету мақсатында 2024 – 2025 жылдары жоғары тәуекелді кредиттеуді шектеуге және қарыз алушылардың орнықтылығын арттыруға бағытталған заңнамалық және реттеушілік шаралар кешені іске асырылды. Мерзімі өткен жағдайда кредиттер беруге тыйым салынды, кепілсіз тұтынушылық кредиттердің сомалары шектелді, қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін бағалауға қойылатын талаптар күшейтілді және тәуекелдерді басқару және тұтынушыларды қорғау жүйелеріне қойылатын талаптар қатаңдатылды.

      Реттеушілік шаралармен қатар әлеуметтік бастамалар да іске асырылуда, олардың негізгісі "Қарызсыз қоғам" жобасы болып табылады.

      Жоба халықтың борыштық жүктемесін азайту, қаржылық сауаттылығын арттыру және азаматтарға берешекті реттеу және алаяқтықтан қорғау мәселелері бойынша консультация беру шараларын көздейді. 2025 жылы жобаның заңдық блогы күшейтілді, онлайн-оқытуы бар платформа енгізілді және берешекті қайта құрылымдау, соттан тыс банкроттық және қаржылық алаяқтық мәселелерін қоса алғанда, азаматтардың жолданымдарын сүйемелдеу үшін Qogamfin.kz бірыңғай цифрлық жүйесі құрылды.

      2026 жылы "Қарызсыз қоғам" жобасын одан әрі іске асыру мақсатында мерзімі өткен берешекті реттеу және қарыз алушылар, қаржы ұйымдары мен омбудсмен арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды көздейтін Жол картасы бекітілді.

      Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қарыз алушылардың жекелеген санаттарында жоғары борыш жүктеме және кредиттеудің белсенді өсуінің алдыңғы кезеңдерінде қалыптасқан мерзімі өткен берешектің жинақталған көлемі сақталуда.

      Қарыз беру және оларға қызмет көрсету кезіндегі комиссиялар мен ілеспе төлемдер халықтың шығыстарына қосымша қысым тудырады. Сыйақы мөлшерлемелерінің жоғары деңгейі – жеке фактор, ол қолданыстағы жылдық сыйақының тиімді мөлшерлемесімен (бұдан әрі – ЖСТМ) бірге қарыз алудың нақты құнын арттырады.

      Сонымен қатар бірнеше кредитор алдында міндеттемелері бар қарыз алушылардың берешегін реттеу ерекше назар аударуды талап етеді. Қолданыстағы тетіктер қарыз алушының әрбір кредитормен жеке өзара іс-қимылын болжайды, бұл бір мезгілде бірнеше банк, микроқаржы ұйымы және коллекторлық агенттік алдында берешек болған кезде реттеу үдерісін қиындатады. Бұл ретте жеке өтеу кестелері қарыз алушының жиынтық борыштық жүктемесін әрдайым ескеруге мүмкіндік бере бермейді. Ол үшін бүгінгі күні бірыңғай ұжымдық реттеудің цифрлық платформасын құру мәселесі пысықталуда.

      Осыған байланысты борыш жүктемесін одан әрі төмендету, реттеу тетіктерін жетілдіру және азаматтардың қаржылық орнықтылығын арттыру мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, оның шеңберінде Кешенді жоспарда мынадай шараларды іске асыру көзделген:

      тұтынушылық кредиттеу шарттарын жетілдіру – орташа нарықтық мәндерді ескере отырып, шекті ЖТСМ-ді есептеу әдістемесін қайта қарау, комиссияларды қысқарту және кредиттеу шарттарының ашықтығын арттыру;

      қарыз алушыларды бағалау сапасын арттыру – шамадан тыс борыштық жүктеме тудыратын қарыздар беру тәуекелін төмендету үшін төлем қабілеттілігін, борыш жүктемесін және кредиттік тарихты есепке алу;

      ашықтықты арттыру және тұтынушыларды қорғау – қаржы өнімдері бойынша стандартты ақпараттық құжатты енгізу, көрсетілетін қызметтерді мәжбүрлеп таңуды және шарттарды жасыруға қарсы шаралар, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын дамыту;

      берешекті реттеу тетіктерін дамыту – азаматтардың төлем мерзімі 90 күннен асқан өткен және жиынтық борышы 7 млн теңгеге дейінгі борыштарын реттеу үшін "бір терезе" бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу, кейіннен атқарушылық іс жүргізумен және банкроттықпен интеграциялау;

      соттан тыс банкроттықты жетілдіру – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мерзімін 1 айға дейін қысқарта отырып, рәсімді оңайлату, сондай-ақ борышы 1600 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейінгі және 5 жылдан астам мерзімі өткен азаматтар үшін автоматты SMS-хабарлауды және өтініштерді жеделдетіп қарауды қоса алғанда, проактивті банкроттық тетігін енгізу.

      Жоғарыда келтірілген талдауды ескере отырып, Халықтың табысын арттырудың 2026 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) әзірленді.

      Кешенді жоспарды іске асыру мынадай 6 бағыт бойынша іс-шараларды қамтиды:

      1) жалақыны көтеру;

      2) сапалы жұмыс орындарын құру;

      3) адами капиталды дамыту және жұмыспен қамтуды арттыру;

      4) инфляцияның төмендеуі және нақты кірістердің өсуі;

      5) салықтық және әлеуметтік шаралар;

      6) борыштық жүктемені азайту және халықтың қаржылық белсенділігін жақсарту.

      Әзірленген шаралар азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жеке секторды тартуды жандандыруға, сондай-ақ әлеуметтік орнықтылықты қамтамасыз етуге және экономикалық өсудің инклюзивті моделін қалыптастыруға бағытталған.

      Кешенді жоспарды іске асыру кәсіпкерлік пен креативті индустрияларды дамыту, халықтың экономикалық әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктерді кеңейту, сапалы жұмыс орындарын құру және үй шаруашылықтарының қаржылық орнықтылығын нығайту арқылы көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады.

Р/с №

Атауы
 

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:
Жұмыскерлердің нақты табысын ұлғайту мақсатында жалақыны орта есеппен 10 %-ға арттыру.
Халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасындағы табыс айырмашылығының қысқаруына ықпал ететін халық табысының, әсіресе төмен және орташа жалақы алатын топтардың табысының "инфляция + 2-3 %"-дан жоғары деңгейде өсуін қамтамасыз ету.
Өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал ететін заманауи технологиялар мен білікті кадрларға негізделген сапалы жұмыс орындарын құру, жыл сайын 240 мыңға дейін.
Экономикада талап етілетін кәсіптік және цифрлық дағдыларды қалыптастыра отырып, адами капиталдың сапасын арттыру және кәсіпорындармен 600 меморандумға дейін жасаса отырып, дуальды оқытумен қамтуды ұлғайту.
Ауылдық жерлерде 30 мыңнан астам бюджеттік микрокредит беру.
Сапалы жұмыс орындарының орташа жылдық өсу қарқыны бар жаңа жұмыс орындарының көзі ретінде кәсіпкерлікті, өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту – 10 %.
2029 жылға қарай инфляция қарқынын 5-7 %-ға дейін төмендету.
ӘМАТ-қа 15 % сауда үстемесін сақтай отырып, негізгі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаны тұрақтандыру.
2029 жылы азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлармен) қамтамасыз етілу деңгейі
88 %-дан кем емес.
Кәсіби стандарттармен қамтылған сұранысқа ие кәсіптердің үлесін 2029 жылға қарай 90 %-ға дейін жеткізу.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2029 жылы 8,2 млн теңгеге дейін арттыру.
Халықтың ақшалай шығыстары құрылымындағы азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығыстар үлесін 2029жылы 40 %-ға дейін төмендету.

1-бағыт. Жалақыны көтеру

1

Ең төменгі жалақыны көтеру бойынша ұсыныстар енгізу
 

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині

2026 жылғы
желтоқан

РБ-ны бекіту кезінде нақты сомасын көрсете отырып, нақтылауды қажет етеді

РБ-ны, ЖБ-ны қалыптастыру шеңберінде

2

Коммуналдық саладағы (электр энергетикасы, жылу энергетикасы, сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау) табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік персоналының орташа жалақысын ұлғайту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰЭМ, ЭМ, ӨҚМ, ЭТРМ, Еңбекмині
 

жыл сайын

талап етілмейді

тарифты қалыптастыру шеңберінде

3

Экономиканың сараланған секторларында сағаттық еңбекақы төлеу тәсілдерін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
 

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2026 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

4

Еңбекақы төлеу қорының үлесін ұлғайту және (немесе) жаңа жұмыс орындарын құру мен қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және (немесе) еңбек өнімділігін арттыру арқылы мемлекет алдындағы бизнестің қарсы міндеттемелерін орындау жолымен жалдамалы жұмыскерлердің табысын көтеру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шарт

ҰЭМ, ӨҚМ, Еңбекмині, СИМ, МАМ, ТСМ , СІМ, ЖИЦДМ, ЭТРМ, СРИМ, КМ, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша)

жыл сайын
 

талап етілмейді

талап етілмейді

5

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ:
саладағы ең төменгі тарифтік мөлшерлемелерді (айлықақылар);
разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі тараптардың міндеттемелерін орындау бөлігінде салалық және өңірлік келісімдер шеңберінде еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестіктің жүйелі шараларын іске асыру

салалық және өңірлік келісімдер

Еңбекмині,
мүдделі мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері, республикалық кәсіподақтар бірлестіктері (келісу бойынша), республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері (келісу бойынша)

жыл сайын

талап етілмейді

талап етілмейді

6

Жұмыскерлердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің оң тәжірибесін тарату

конкурс

Еңбекмині,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

жыл сайын

талап етілмейді

талап етілмейді

7

Өңір әкімдерінің төрағалығымен, ірі өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының қатысуымен кәсіпорындардың ұжымдық шарттарында бекіте отырып, өндірістік персоналдың жалақысын инфляция деңгейінен + 2-3 %-ға арттыру бойынша әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үш жақты комиссиялардың отырыстарын өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

жыл сайын (келесі жылдың
1 қаңтарынан бастап)

талап етілмейді

талап етілмейді

8

Кәсіпорындардың ұжымдық шарттарында бекіте отырып өндірістік персоналдың жалақысын инфляция деңгейінен +2–3 %-ға арттыру жөнінде ірі, орта бейінді жеке кәсіпорындардың басшыларымен кездесулер өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

астананың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

жыл сайын (келесі жылдың
1 қаңтарынан бастап)

талап етілмейді

талап етілмейді

9

Өңір әкімдері мен ОМО басшыларының ірі ритейл және басқа да сауда желілері персоналдарының (кассирлер, техникалық қызметкерлер, жүк тасушылар, әкімшілер және басқалары) жалақысын арттыру бойынша кездесулер өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері, СИМ

жыл сайын (келесі жылдың
1 қаңтарынан бастап)

талап етілмейді

талап етілмейді

10

Су бұру, сумен, жылумен және электрмен жабдықтау ұйымдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу деңгейлеріндегі салааралық саралауды қысқарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰЭМ, ЭМ, ӨҚМ, Еңбекмині

2026 – 2029 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

11

Азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыру мәселесін қарау

ҰЭМ-ге ақпарат

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, ДСМ, МАМ, ҒЖБМ, ОМ, ТЖМ, Әділетмині, АШМ, ЭТРМ, СРИМ, ТСМ, Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

2027 – 2029 жылдар

нақты сомасын көрсете отырып, РБ-ны бекіту кезінде айқындалуға тиіс
 

РБ-ны, ЖБ-ны қалыптастыру шеңберінде

12

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын, оның ішінде 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап орта және төмен буындарға баса назар аударумен индекстеуді саралап жүргізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, Қаржымині, МҚІА (келісу бойынша), ЖИЦДМ

2029 жыл

РБ-ны, ЖБ-ны қалыптастыру шеңберінде

РБ-ны, ЖБ-ны қалыптастыру шеңберінде

13

Мемлекеттік қызметшілерді деңгейлес мансаптық ілгерілетуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны ескере отырып, еңбекақы төлеу шарттарын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), Қаржымині,

2028 жылғы шілде
 

РБ-ны, ЖБ-ны қалыптастыру шеңберінде

РБ-ны, ЖБ-ны қалыптастыру шеңберінде

2-бағыт. Сапалы жұмыс орындарын құру

14

2029 жылға қарай экономикалық қызметтің негізгі түрлері бөлінісінде сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 млн адамға дейін ұлғайту

ҰЭМ-ге ақпарат

Еңбекмині,
мүдделі мемлекеттік органдар,
астананың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

жыл сайын

РБ-да, ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат

РБ-да, ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат

15

Үкімет айқындаған ірі 17 кластерлік жобаны іске қосу және жүзеге асыру аясында жаңа жұмыс орындарын құру.

ҰЭМ-ге ақпарат

ӨҚМ, ЭМ, АШМ, ТСМ

2026 – 2029 жылдар

инвестициялық жобалар шеңберінде

инвестициялық жобалар шеңберінде

16

Мыналарды қамтитын өлшемшарттар бойынша жобаларға іріктеу жүргізу:
стратегиялық маңыздылығы
және ұлттық басымдықтарға қол жеткізуге қосатын үлесі (ЖІӨ-ні ұлғайту, экспорттық әлеуетті, жұмыспен қамтуды және еңбек өнімділігін арттыру);
экспорттық әлеуетінің, импортты алмастыру мен өндірістерді Қазақстан Республикасы аумағында жергілікті орнықтыру мүмкіндігінің болуы;
АӨК, машина жасау салаларындағы және экспорттық операциялар бойынша жобаларды қоспағанда, жоба құнының кемінде 15 млрд теңге болуы;
инвестициялық белсенділігі төмен өңірлерге басымдық бере отырып, тұрақты жұмыс орындарын құру;
жобаның орта мерзімді перспективада өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ететін расталған қаржылық модельдің және қоса қаржыландыру көздерінің болуы;
"Бәйтерек" ҰИХ" АҚ-ның айналым капиталын қаржыландыруды тек қана инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асыруы, бұл ретте айналым қаражатын қаржыландыру үлесі қарыз сомасының 20 %-ынан аспауға, ал қарыздың кемінде 80 %-ы инвестициялық мақсаттарға бағытталуы тиіс

ҰЭМ-ге ақпарат

"Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), ӨҚМ, ЭМ, АШМ, СІМ, "Kazakh Invest" ҰК АҚ (келісу бойынша) Еңбекмині, астананың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

2026 жылғы
желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

17

АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру аясында, оның ішінде АӨК саласындағы жобаларды кредиттеу бойынша (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату) жаңа жұмыс орындарын құру

ҰЭМ-ге ақпарат

АШМ,
астананың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

2027 – 2029 жылдар

РБ-да, ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат

РБ-да, ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат

18

Ірі мұнай-газ және тау-кен металлургия компанияларының, оның ішінде моноқалалардағы қала түзуші компаниялардың есебінен әлеуметтік инвестициялық жобаларды іске асыруы (ТШО, ҚПО, НКОК т.б.)

ҰЭМ-ге ақпарат

астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері, ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, ӨҚМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша),
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "QazaqGaz" ҰК" АҚ (келісу бойынша), сала кәсіпорындары

2026 – 2029 жылдардағы желтоқсан
 

жер қойнауын пайдаланушы лардың инвестициялық бағдарламалары шеңберінде

жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен

19

Экономиканың жекелеген секторларында еңбек өнімділігінің өсуін жоғарылату

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰЭМ, ӨҚМ, ЭМ, ТСМ, ДСМ, АШМ, СИМ, КМ, ЖИЦДМ, МАМ

жыл сайын

даму жоспарлары шеңберінде

даму жоспарлары шеңберінде

20

Ұлттық жобалар; электрондық еңбек биржасы шеңберінде бос жұмыс орындары; жеке бастамалар; субсидияланатын жұмыс орындары аясында жұмыс орындарын құру шеңберінде халықтың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету

ҰЭМ-ге ақпарат

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, ӨҚМ, ЭМ, АШМ, МАМ, ТСМ, ОМ, ҒЖБМ, СИМ, ЖИЦДМ, ЭТРМ, СРИМ, КМ, ДСМ, астананың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

2026 жылғы желтоқсан
 

РБ-да, ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат

РБ, ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат

21

"Іскер аймақ" бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

мемлекеттік қолдау көрсету туралы шарт

ҰЭМ,
астананың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

2026 – 2029 жылдар

талап
етілмейді

талап етілмейді

22

"Даму" қоры базасында кепілдік беру қорлары шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру

мемлекеттік қолдау көрсету туралы шарт

ҰЭМ, астананың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

2026 –
2029 жылдар

талап
етілмейді

талап етілмейді

23

"Өрлеу" бағдарламасы шеңберінде жеңілдікті қаржыландыру

мемлекеттік қолдау көрсету туралы шарт

ҰЭМ,
астананың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

2026 – 2029 жылдар

талап
етілмейді

талап етілмейді

24

Креативті индустриялардың дамуын мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыру

ҰЭМ-ге ақпарат

МАМ, "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ (келісу бойынша), астананың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

жыл сайын

ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ қаражаты есебінен

25

Мемлекеттік мүлікті күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды ескере отырып, оны ШОБ-қа жалға беру жөніндегі жұмысты күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

2026 жылғы желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

26

"Ауыл аманаты" жобасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарды, ауыл шаруашылығы кооперациясын, өндірістік кооперацияны, сондай-ақ ауыл шаруашылығына жатпайтын және өзге де кәсіпкерлік қызмет түрлерін дамыту мақсатында ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда халыққа микрокредит беру, аталған тәсілдерді жобаны іске асыру басталған кезден бастап қолдану

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰЭМ, АШМ, облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

нақты сомасын көрсете отырып, РБ-ны бекіту кезінде айқындалуға тиіс
 

РБ-ны, ЖБ-ны қалыптастыру шеңберінде

27

Кредит берілген ЖҚШ мен кооперативтерді басқарушыларды агроқұзыреттерге оқыту

оқытуға арналған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт
 

АШМ, ҰЭМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "AMANAT" партиясы (келісу бойынша), облыстардың әкімдіктері

2026 – 2029 жылдардағы желтоқсан
 

РБ-да көзделген қаражат шеңберінде

РБ-да көзделген қаражат шеңберінде

28

Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің жалақысын өсіру (өндірісті жаңғырту, технологияларды енгізу, өнімділікті арттыру және кооперацияны дамыту есебінен)

ҰЭМ-ге ақпарат

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, Еңбекмині, облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

РБ-ны, ЖБ-ны қалыптастыру шеңберінде

РБ-ны, ЖБ-ны қалыптастыру шеңберінде

29

Егін шаруашылығымен айналысатын ірі жер пайдаланушыларды мал шаруашылығына тарту арқылы, 10 мың гектардан астам егістік жері бола тұра, мал шаруашылығымен айналыспайтын жер пайдаланушылар үшін егіс алқаптарының кемінде 15 %-ын жем-шөп дақылдарына пайдалану талабын енгізу жолымен ауылдық жерлерде әртараптандырылған жұмыспен қамтуды дамыту

ҰЭМ-ге ақпарат

АШМ, ҰЭМ, облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

талап
етілмейді

талап етілмейді

30

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту

ҰЭМ-ге ақпарат

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша), "QazIndustry" АҚ (келісу бойынша), "QazTrade" АҚ (келісу бойынша), "АНК" АҚ (келісу бойынша) және облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

РБ-да, ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат

РБ-да, ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат

3-бағыт. Адами капиталды дамыту және жұмыспен қамтуды арттыру

31

Нақты сектордың қажеттіліктеріне сәйкес ТжКБ ұйымдарында кадрлар даярлау: кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды нысаналы даярлау

ҰЭМ-ге ақпарат

ОМ, мүдделі мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

2026 – 2029 жылдардағы желтоқсан
 

ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат

ЖБ-да көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат

32

Студенттерді дуальды оқытумен қамтуды арттыру үшін ТжКБ ұйымдарының кәсіпорындармен (ұйымдармен) ұзақ мерзімді әріптестігінің өзара іс-қимыл спектрін кеңейту

ҰЭМ-ге ақпарат

ОМ, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2026 – 2029 жылдардағы желтоқсан
 

талап
етілмейді

талап етілмейді

33

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, оның ішінде "Жастар практикасы" жобасы шеңберінде тәлімгерлік институтын дамыту (кемінде 15 мың тәлімгер)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

жыл сайын 2029 жылға дейін

бюджеттен тыс қаражат

бюджеттен тыс қаражат

4-бағыт. Инфляцияның төмендеуі және нақты кірістердің өсуі

34

Маусымаралық және қарбалас кезеңдерде ӘМАТ-ты басым және үздіксіз жеткізу үшін "жасыл дәлізді" ұйымдастыру
 

ҰЭМ-ге ақпарат

Қаржымині, КМ, АШМ, СИМ, ІІМ, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

жыл сайын

талап
етілмейді

талап етілмейді

35

ӘМАТ-қа 15 % сауда үстемесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру
 

ҰЭМ-ге ақпарат

СИМ, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

жыл сайын

талап
етілмейді

талап етілмейді

36

Жолаушылар тасымалына тарифтерді тежеу

ҰЭМ-ге ақпарат

КМ, ҰЭМ, Қаржымині, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2026 – 2028 жылдар

талап
етілмейді

талап етілмейді

37

ӘМАТ-ты теміржолмен тасымалдау тарифтерін 36 %-ға төмендету

ҰЭМ-ге ақпарат
 

ТМРК, СИМ, КМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2027 жылғы қаңтар

талап
етілмейді

талап етілмейді

38

Апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

жыл сайын

талап
етілмейді

талап етілмейді

39

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру

ҰЭМ-ге
ақпарат
 

СИМ, АШМ
 

жыл сайын
 

талап
етілмейді

талап етілмейді

40

Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін тауар интервенцияларын жүзеге асыру
 

ҰЭМ-ге 
ақпарат
 

АШМ, СИМ, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

жыл сайын
 

талап
етілмейді
 

талап етілмейді
 

41

Жергілікті және сыртқы нарықтарда, оның ішінде ЕДБ-ден
7,0 трлн теңгеге дейінгі көлемде қаржы ресурстарын тарту
 

ҰЭМ-ге ақпарат

"Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша),
"ҚДБ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша),
ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы желтоқсан
 

нарық қаражаты, оның ішінде ЕДБ қаражаты
 

Нарық қаражаты, оның ішінде ЕДБ қаражаты
 

42

ЕБД тарапынан бизнеске кредит беруді ынталандыруға бағытталған қосымша реттеуші шараларды енгізу
 

ҰЭМ-ге
ақпарат

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша)

2026 жылғы желтоқсан
 

талап
етілмейді
 

талап етілмейді
 

5-бағыт. Салықтық және әлеуметтік шаралар

43

2029 жылдан бастап ипотекалық пайыздар бойынша толық салықтық шегерімді қалпына келтіру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша)

2027 жылғы желтоқсан
 

талап
етілмейді

талап етілмейді

44

Табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға қатысты әлеуметтік қолдау құралдарын проактивті қолдану

әлеуметтік көмек алуға үміткерлерге СМС-хабарламалар

Еңбекмині, ЖИЦДМ, ҰЭМ
 

2026 – 2029 жылдардағы желтоқсан
 

талап
етілмейді

талап етілмейді

45

Азаматтарға "әлеуметтік әмиян" арқылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсетудің проактивті форматын іске асыру
 

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖИЦДМ, СИМ, ОМ, ҒЖБМ, Қаржымині, ҰЭМ, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

2026 – 2029 жылдардағы желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

46

Салықтық ынталандыру, мүліктік қолдау, мемлекеттік сатып алуға қол жеткізу және қаржылық құралдар мәселелерін қоса алғанда, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰЭМ,
мүдделі мемлекеттік органдар

2026 – 2029 жылдардағы желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

47

Халықтың әлеуметтік осал санаттарын жұмыспен қамтамасыз ету және өңірлердегі жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қарыздарын номиналды мөлшерлеменің
50 %-ына дейінгі, бірақ жылдық 24 %-дан аспайтын мөлшерде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялай отырып құрылымдау

қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары

ҰЭМ
"Бәйтерек" ҰИХ АҚ (келісу бойынша), облыстардың әкімдіктері

2026 – 2028 жылдар

РБ көзделген қаражат шеңберінде

РБ көзделген қаражат шеңберінде

48

Азаматтардың жекелеген санаттарын ТМККК шеңберінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету

ҰЭМ-ге ақпарат

ДСМ, "СҚ-Фармация" ЖШС (келісу бойынша)

жыл сайын

талап
етілмейді

талап етілмейді

6-бағыт. Борыштық жүктемені азайту және халықтың қаржылық белсенділігін жақсарту

49

Азаматтардың банктердегі және МҚҰ-дағы тұтынушылық кредиттері бойынша мерзімі өткен берешегін реттеу
 

ҰЭМ-ге ақпарат

ҚНРДА (келісу бойынша),
астананың,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері

жыл сайын

талап
етілмейді

талап етілмейді

50

Банктік және микрокредиттік омбудсмандар алаңында тұтынушылық кепілсіз қарыздар бойынша берешекті ұжымдық реттейтін бірыңғай платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету

берешекті ұжымдық реттеудің бірыңғай платформасын іске қосу және оның жұмыс істеуі

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)
 

2026 жылғы шілде

талап
етілмейді

талап етілмейді

51

Тұтынушылық кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті деңгейін есептеу әдістемесін нарықтағы ЖТСМ-нің орташа өлшенген мәндерін ескере отырып қайта қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
 

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)
 

2026 жылғы желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

52

Қатысушы банктердің тізбесін кеңейту, қатысудың бәсекелестік жағдайларын енгізу және мемлекеттік кепілдіктің болуын ескере отырып, білім беру кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді (ЖПМ, ЖТСМ) төмендетуді қамтамасыз ету арқылы білім беру кредиттеріне кепілдік беру жүйесін жетілдіру

бұйрық

Қаржымині, ҒЖБМ, ҚНРДА (келісу бойынша), ҰЭМ, "Қаржы орталығы" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер (келісу бойынша)

2026 жылғы
тамыз
 

талап
етілмейді

талап етілмейді

53

Қаржылық өнімдер бойынша шарттардың салыстырымдығы және азаматтардың саналы түрде таңдау жасауын қамтамасыз ету мақсатында
стандартталған негізгі ақпараттық құжатты енгізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы
желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

54

Қосымша көрсетілетін қызметтерді мәжбүрлеп таңуды, маңызды талаптарды жасыруды қоса алғанда, қаржылық қызметтер көрсету кезінде жосықсыз практикалардың алдын алу жөніндегі талаптарды енгізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы
желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

55

Қор нарықтарына белсенді қатысу бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚНРДА (келісу бойынша), МАМ

жыл сайын

талап
етілмейді

талап етілмейді

56

Төлем қабілеттілігін, борыштық жүктемені және жоғары алаяқтық тәуекел белгілерін ескере отырып, тұтынушылық қарыздардың жарамдылығын бағалауды енгізу

ҰЭМ-ге ақпарат

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы
желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

57

Жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес банктік қарыз беру және оған қызмет көрсету кезінде алынуға тиіс комиссиялар мен өзге де төлемдер тізбесін қысқарту

ҰЭМ-ге ақпарат

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)

2026 жылғы
желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

58

Халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттары үшін жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімін оңайлату

ҰЭМ-ге ақпарат

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині

2026 жылғы
желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

59

Жеке тұлғалардың проактивті банкроттығы тетігін іске асыру

ҰЭМ-ге ақпарат

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині

2026 жылғы
желтоқсан

талап
етілмейді

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АӘК


атаулы әлеуметтік көмек

"АКК" АҚ


"Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамы

"Астана Хаб" ДКҚ


"Астана Хаб" дербес кластерлік қоры

"Атамекен" ҰКП


"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

АШМ


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

АЭА


Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Әділетмині


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

ӘМАТ


әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

"Бәйтерек" ҰИХ" АҚ


"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы

ҒЖБМ


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

ДСМ


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині


Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЕС


Еуропалық Одақ

ЖАО


жергілікті атқарушы органдар

ЖБ


жергілікті бюджет

ЖИ


жасанды интеллект

ЖИЦДМ


Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

ЖҚҚ


жалпы қосылған құн

ЖҚШ


жеке қосалқы шаруашылық

ЖОО


жоғары оқу орны

КМ


Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

"ҚазМЖӘ" АҚ


"Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы

Қаржымині


Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

"ҚДБ" АҚ


"Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамы

Қорғанысмині


Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

ҚНРДА


Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

ҚПО


"Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." филиалы

МАМ


Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

МҚІА


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

МҚҰ


микроқаржы ұйымы

НКОК


"Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалы

ОМ


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

ӨҚМ


Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

"ӨДҚ" АҚ


"Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

РБ


республикалық бюджет

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

СІМ


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

СЖРА ҰСБ


Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

СИМ


Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

"СҚ "Фармация" ЖШС


"СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

СРИМ


Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

ТжКБ


техникалық және кәсіптік білім беру

ТЖМ


Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

ТСМ


Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

ТШО


"Тенгизшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

"ҰАҒБО" КеАҚ


"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ҰБ


Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

"ҰАТ" АҚ


"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

ҰҚК


Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ


Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦҮҚО


Цифрлық үкіметті қолдау орталығы

ІІМ


Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭМ


Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ЭТРМ


Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

"QazIndustry" ҚИЭО" АҚ


"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы