"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 202

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 424 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 559 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізу болып табылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов