ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 95-1), 95-2), 95-3) және 95-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"95-1) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
95-2) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
95-3) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
95-4) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптарды әзірлеу және бекіту;";
96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"96) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 96-5) тармақшамен толықтырылсын:
"96-5) Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік білім беру және мәдениет кәсіпорындарының бірінші басшыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және оны аттестаттаудан өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:
"98-1) Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының жобаларын келісу;";
мынадай мазмұндағы 101-1) және 101-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"101-1) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
101-2) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға алудың) үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;";
102-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"102-1) стратегиялық объектілердің меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иеліктен шығару туралы жолданымдарын қарау тәртібін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 102-2) тармақшамен толықтырылсын:
"102-2) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық холдингтердің әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 195-1) және 195-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"195-1) байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын өлшемшарттарды әзірлеу және бекіту;
195-2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
241) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 256-1), 256-2), 256-3), 256-4), 256-5), 256-6), 256-7), 256-8), 256-9), 256-10), 256-11), 256-12), 256-13), 256-14), 256-15), 256-16), 256-17), 256-18), 256-19), 256-20), 256-21), 256-22), 256-23), 256-24), 256-25), 256-26) және 256-27) тармақшалармен толықтырылсын:
"256-1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау үшін ұйымдардың тізбесі жөнінде ұсыныстар дайындау;
256-2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұйымдастырушылық көмек көрсету;
256-3) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша гуманитарлық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;
256-4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізу;
256-5) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құру және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын ішкі бақылауды жүзеге асыру;
256-6) азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
256-7) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
256-8) қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
256-9) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;
256-10) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастыру;
256-11) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімдер қабылдау;
256-12) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешімдер қабылдау;
256-13) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;
256-14) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындау;
256-15) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлеу, бекіту және (немесе) келісу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізу және осы деректерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
256-16) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды жүзеге асыру, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
256-17) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
256-18) ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өрттердің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
256-19) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асыру;
256-20) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу және бекіту;
256-21) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асыру;
256-22) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
256-23) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
256-24) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасу, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы органдардың және мемлекеттік органдардың жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстарын қарау;
256-25) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
256-26) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
256-27) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімдер қабылдау;";
266) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"266) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау, сақтау және пайдалану тәртібін айқындау;".
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма тоғызыншы, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы және елу үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және осы қаулының 1-тармағының жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтары 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |