ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:
"58-1) электр самокаттарды жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің электр самокатты есепке алуды жүргізу және оған тіркеу нөмірін беру тәртібін, сондай-ақ оның нысаны мен үлгісін әзірлейді және бекітеді;";
64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"64) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібін, нысандарын және түрлерін әзірлейді және бекітеді;";
65) тармақша алып тасталсын;
308) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"308) ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".
2. Осы қаулының 2026 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |