"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы)" мемлекеттік мекемесі таратылсын.
3. Комитет осы қаулыға қосымшада көрсетілген мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 48 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалған мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
7. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.
8. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
9. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.
10. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
11. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
12. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Қарағанды облысының және Ұлытау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.
13. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
14. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
15. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
16. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Маңғыстау облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
17. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Павлодар облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
18. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Солтүстiк Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
19. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 48 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
3) Әкімшілік полиция комитеті;
4) Көші-қон қызметі комитеті;
5) Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті;
6) Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті;
7) Күзет қызметін бақылау комитеті.".
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірлері 7, 8, 9, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47 және 48-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
7. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.
8. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
9. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.
10. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
11. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
12. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Қарағанды облысының және Ұлытау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.
13. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
14. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
15. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
16. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Маңғыстау облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
17. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Павлодар облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
18. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Солтүстiк Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
19. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.".
2. Қызмет бабында пайдалану үшін.
3. Қызмет бабында пайдалану үшін.
4. "Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Күзет қызметін бақылау комитеті
кезекші бөлім (бөлімше) бастығы;
кезекші бөлімнің кезекшісі – аға инспектор;
кезекші бөлімнің кезекшісі – инспектор;
кезекші бөлімнің жүргізушісі – полицей;
арнайы және кәсіптік даярлық бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы;
арнайы және кәсіптік даярлық бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;
арнайы және кәсіптік даярлық жөніндегі аға инспектор;
арнайы және кәсіптік даярлық жөніндегі инспектор.";
16-тармақтың жиырма сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің мамандандырылған күзет бөлімшелері:".