"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамының атауы "Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" акционерлік қоғамы деп өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 қаңтардағы № 39 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-162-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"21-162. "Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" акционерлік қоғамы".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 410-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"410-3. "Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" акционерлік қоғамы.".
3. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 177-жолдағы 5-бағанның 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамы;";
реттік нөмірі 279-жолдағы 5-бағанның 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" акционерлік қоғамы;";
реттік нөмірі 308-жолдың 5-бағанында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамы;";
мынадай мазмұндағы 31), 32), 33), 34) және 35) тармақшалармен толықтырылсын:
"31) "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы;
32) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;
33) "QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
34) "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
35) "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы;";
реттік нөмірі 331-жолдың 5-бағанында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамы;";
мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
"28) "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;";
реттік нөмірі 338-жолдағы 5-баған мынадай мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:
"35) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің "Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;";
реттік нөмірі 347-жолдағы 5-бағанның 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) "Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" акционерлік қоғамы;";
реттік нөмірі 393-жолдағы 5-баған мынадай мазмұндағы 46) тармақшамен толықтырылсын:
"46) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;".
4. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) "Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" акционерлік қоғамы;";
көрсетілген қаулыға қосымшада:
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті" деген бөлімде:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" акционерлік қоғамы".".
5. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидаларында:
57-тармақтың жетінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" акционерлік қоғамы жүргізетін энергия-аудиторлық сараптамаларды талдау нәтижелері бойынша ескертулері жоқ энергия-аудиторлық ұйымдар;".
6. "Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2024 – 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 1019 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2024 – 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
34-тармақтың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"
ӨҚМ, МАМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" АҚ (келісу бойынша) |
";
"Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында":
"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ" − "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" АҚ − "Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" акционерлік қоғамы";
"Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ" − "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамы" деген жол алып тасталсын.
7. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысында:
Ұлттық жобаны іске асырудың жоспар-кестесінің 140-тармағының 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"
ӨҚМ, "ҰЭҮО" АҚ |
";
"Ескертуде: аббревиатуралардың толық жазылуында":
"Ұлттық жоба – "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҰЭҮО" АҚ – "Ұлттық энергия үнемдеу орталығы" акционерлік қоғамы";
"ЭЭДИ" АҚ" – "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" акционерлік қоғамы" деген жол алып тасталсын.