Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:
51-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да) сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылар.
Ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен бірге келіспеу себептерінің уәкілетті ұйымдарға жіберілген жазбаша дәлелді негіздемелерін қоса береді;";
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және норма шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыру, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде құқықтық ғылымның рөлін күшейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мыналар:
1) ғылыми қорытындылар мен өзге де талдамалық материалдарды, оның ішінде заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу шеңберінде дайындау;
2) заңнамалық актілер жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
3) заңдардың, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
4) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
5) мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
6) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу;
7) заңнамалық актілердің ағылшын тіліне аударылуын және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызмет кәсіпорын қызметінің нысанасы болып айқындалсын.
5. Кәсіпорын:
мемлекеттік органдардың норма шығармашылығы қызметін ғылыми сүйемелдеуді;
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып айқындалсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 23 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 8-қосымша |
"________________________________________________"
заң жобасын жария талқылау қорытындылары бойынша есеп
Заң жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында
жарияланған күн _______
Барлық түскен ескертулер мен ұсыныстар _____
Оның ішінде қабылданды ____
Қабылданған жоқ (қабылданбау негіздері) _____
Жария талқылау өткізілген күн (-дер) (өткізілсе) ______
Келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер кестесі
Р/с | Автор | Ұсыныс/ескерту | Мемлекеттік органның ұстанымы | Ескертпе |
1. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар | ||||
1.1. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария талқылау процесінде (ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына) түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
1.2. Осы есептің басқа бөлімдерінде көрсетілген субъектілерді қоспағанда, жария тыңдауда тікелей түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
2. Қоғамдық кеңестің мүшелерінен түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. Сараптамалық кеңестің мүшелерінен түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
5. Аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
6. Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
7. Ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымнан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымнан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
9. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымнан түскен | ||||
1. | ||||
2. | ||||
3. | ||||
Бұл ретте әзірлеуші органның есепте жария талқылау шеңберінде жүргізілген басқа да жұмыстарға сипаттама беруіне болады.
*Есептің 1.1, 2-9-бөлімдерін қалыптастыру ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында автоматты түрде жүзеге асырылады.
1.2-бөлімді әзірлеуші орган қалыптастырып, осы есепке қосады.