Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тiзбесін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 74-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесiнде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тiзбесi"
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер, су (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын iске асыру мақсатында уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiктер әлемi және жануарлар дүниесi.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |