"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауы "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 202 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде:
мына:
"123-160. "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі." деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-163-жолмен толықтырылсын:
"123-163. "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне:" деген бөлімде:
реттік нөмірі 410-4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"410-4. "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
3. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 87-жолдағы 5-бағанның 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
реттік нөмірі 307-жолдағы 5-бағанның 121) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"121) "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 331-жолдағы 5-бағанның 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"26) "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 338-жолдағы 5-бағанның 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"32) "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 347-жолдағы 5-бағанның 47) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"47) "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
реттік нөмірі 393-жолдағы 5-бағанның 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"43) "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;".
4. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті" деген бөлімде:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
5. "Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамыту жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 991 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамыту жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарда:
"VII бағыт. Саланың секторлары үшін нақты қолдау шараларын іске асыру" деген бөлімде:
"Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 66-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
66. | Ауыл шаруашылығы өндірісін кешенді механикаландыру және автоматтандыру үшін машиналар мен технологиялар жүйесін енгізу | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | 2026 жылғы 4-тоқсан | АШМ, ӨҚМ, "Машина жасау ҒӨО" ЖШС (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
";
реттік нөмірлері 72, 73 және 74-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
72. | "Машина жасау ҒӨО" ЖШС базасында Машина жасауды дамыту орталығын құру | "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2026 жылғы | ӨҚМ, БҚДА (келісу бойынша), "Машина жасау ҒӨО" ЖШС (келісу бойынша) |
2026 жылға – 1500 млн теңге; | РБ қаражаты есебінен |
73. | Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің ғылыми негізделген технологияларын іске асыруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жетілдіру | ғылыми-зерттеу жұмысы | 2024 – 2026 жылдар, 4-тоқсан | ӨҚМ, АШМ, "Машина жасау ҒӨО" ЖШС (келісу бойынша) | 2024 жылға – 480 млн теңге; 2025 жылға – 480 млн теңге; 2026 жылға – 480 млн теңге | РБ қаражаты есебінен |
74. | Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің ғылыми негізделген технологияларын іске асыруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жетілдіру | ғылыми-зерттеу жұмысы | 2024 – 2026 жылдар, 4-тоқсан | ӨҚМ, АШМ, "Машина жасау ҒӨО" ЖШС (келісу бойынша) | 2024 жылға – 200 млн теңге; 2025 жылға – 200 млн теңге; 2026 жылға – 200 млн теңге | РБ қаражаты есебінен |
";
реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
78. | Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірістерін игеру және дамыту мақсатында озық технологиялары мен құзыреттері бар инвесторлар мен ОЕМ-өндірушілерді тарту | жаңа өндірістік қуаттарды пайдалануға беру туралы актілер | 2024 – 2028 жылдар, 4-тоқсан | ӨҚМ, СІМ, АШМ, ҚМЖО (келісу бойынша), ҚАБҚ (келісу бойынша), "Машина жасау ҒӨО" ЖШС (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
";
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
бірінші жол алып тасталсын;
"ҚПҚ – қатты пайдалы қазбалар" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Машина жасау ҒӨО" ЖШС – "Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС".