ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"
7) | республика чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға | ЛА-дан 1 % | Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа |
";
реттік нөмірі 2-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"
7) | республика чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға | ЛА-дан 10 % | Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
"
7. | Біліктілік тестінен өткен және спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары бойынша оқу – жаттығу процесін іске асыратын балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, мамандандырылған балалар- жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң жаттықтырушы-оқытушыларына | Жаттықтырушы-оқытушылық шеберлік санаты үшін қосымша ақы | ЛА-дан 30 % | Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді, бірақ нормативтік оқу жүктемесінен аспайды. |
".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |