Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және "Орталық Азия Өңiрлiк Экон

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

            1) "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:

            1-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

            "Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Көбентайұлы Дарбаев;";

      1-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Мақсат Қайыржанұлы Қалиақпаров;";

            2) "Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушiнi тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

            1. "Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Көбентайұлы Дарбаев тағайындалсын.".

            2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов