"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметіні

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 1184 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 291-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

291.

Басқа топтамаларға енгізілмеген кредит берудің өзге де түрлері

64929

республикалық меншік / коммуналдық меншік

1) "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
2) "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы;
3) "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы;
4) "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамы;
5) "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығы" микроқаржы ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
6) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (шағын өнеркәсіп аймақтарына және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге, қант өндіруші кәсіпорындарға қант қызылшасын өңдеу үшін айналым қаражатын толықтыруға кредит беру мақсатында);
7) "Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
8) "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
9) "ОҢТҮСТІК" аймақтық инвестициялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
10) "Ырыс" микроқаржы ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
11) туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;
12) туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" өңірлік даму институты" акционерлік қоғамы;
13) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге айналым қаражатын толықтыруға (кіші саласын көрсетпей) кредит беру және туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;
14) туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;
15) туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы, "Қант өндіруші кәсіпорындарға қант қызылшасын өңдеу үшін айналым қаражатын толықтыруға кредит беру" бағыты бойынша – Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары, "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Астана қаласы, "ОҢТҮСТІК" аймақтық инвестициялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне және "Ырыс" микроқаржы ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – Түркістан облысы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты –
Маңғыстау облысы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" өңірлік даму институты" акционерлік қоғамына қатысты – Жетісу облысы, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге айналым қаражатын толықтыруға (кіші саланы көрсетпей) кредит беру және туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты – Қызылорда облысы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты – Астана қаласы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты – Павлодар облысы

үнемі, "Қант өндіруші кәсіпорындарға қант қызылшасын өңдеу үшін айналым қаражатын толықтыруға кредит беру" бағыты бойынша – 2028 жылға дейін, "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2027 жылға дейін, Маңғыстау облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты – 2028 жылдың соңына дейін, Жетісу облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" өңірлік даму институты" акционерлік қоғамына қатысты – 2028 жылдың соңына дейін, Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге айналым қаражатын толықтыруға (кіші саланы көрсетпей) кредит беру және туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты – 2028 жылдың соңына дейін, Астана қаласында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты – 2028 жылдың соңына дейін, Павлодар облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты – 2028 жылдың соңына дейін

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов