Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру ж

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 1141 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1143 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 293 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.".

      2. "Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.".

      3. "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ережеде:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      15-тармақта:

      182) және 183) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "182) "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      183) "Астана Хаб" дербес кластерлік қорының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;";

      184) тармақша алып тасталсын;

      185) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "185) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, олардың құрамы мен мерзімділігін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 185-1) және 185-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "185-1) ғылыми ұйымдар, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар, білім беру ұйымдары, технологиялық парктер, салалық конструкторлық бюролар, технологияларды коммерцияландыру орталықтары, ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғаларды, сондай-ақ инновациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту;

      185-2) ұлттық инновациялық жүйенің даму мониторингін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      280) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "280) "Астана Хаб" дербеc кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамын және ережесін бекіту;";

      285) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "285) "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры қатысушысының Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 741-бабы 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту жөніндегі шарттарға сәйкес келуін белгілеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 291-1), 291-2) және 291-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "291-1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      291-2) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      291-3) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;";

      312) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "312) жетекшілік ететін салалардағы салалық технологиялық құзыреттер орталықтарын айқындау;";

      334) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "334) цифрлық активтер саласында, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 334-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "334-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ақша аудару бойынша қызметтер көрсететін пошта операторлары мен қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғалар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды белгілеу;";

      421) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "421) Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;".