"Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 1067 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

      "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 382.9-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов