Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережесінде:
мынадай мазмұндағы 370-1) және 370-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"370-1) бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;
"370-2) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін әзірлеу;"
375) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"375) аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу;";
мынадай мазмұндағы 382-1), 382-2) және 382-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"382-1) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілеу;
382-2) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындау;
382-3) Сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін ұйымдастыру, қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 421-1) тармақшамен толықтырылсын:
"421-1) төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайсыз қалған азаматтарға салынған тұрғын үй беру қағидаларын айқындау;";
мынадай мазмұндағы 452-11), 452-12), 452-13), 452-14), 452-15), 452-16) және 452-17) тармақшалармен толықтырылсын:
"452-11) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процестерін мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
452-12) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
452-13) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасының жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
452-14) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасының әкімшісін айқындау;
452-15) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобаларының үлгілік конкурстық құжаттамасын әзірлеу және бекіту;
452-16) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
452-17) бірыңғай есеп айырысу орталығының жұмыс істеу талаптары мен тәртібін айқындау;";
456) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"456) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесін, бірыңғай төлем құжатына қойылатын талаптарды және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 478-3) тармақшамен толықтырылсын:
"478-3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануды айқындау;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |