"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 909 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16) балама құралдар;

      17) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптeстіктердің акциялары мен үлестері (Special Purpose Vehicle);

      18) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending).";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending).".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов